Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

 

 

Стратегиялық бағыт 3.

 

Балалар мен жастардың дамуына жағдай жасау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық даму ісіне тарту

 

Университеттегі оқу-әдістемелік жұмыстар «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім беру тәрбие Тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Университеттегі студенттің өзін-өзі басқаруы Студенттік парламентке, жатақханалардың Студенттік кеңестеріне, «Жас қоғам», «Баян сұлу», «Жас энерджи», «Мұнайгаз.kz», «Қызғалдақ», «Тілтаным», «Лингва», студенттердің ғылыми қоғамы секілді клубтарға берілген.

 

Университеттің жоғары басқару органдарында студенттердің өкілеттілігін қамту ету мақсатында Студенттік парламент төрағасы ғылыми кеңестің құрамына енгізілген.

 

Студенттер ұжымында аталған ұйымдардағы белсенді мүшелер «Студент қатарына қабылдау», «Халықаралық студенттер күні», «Бұл – біздің ту» республикалық акциясы, өзекті мәселелерге арналған дебаттық турнирлер, салауатты өмір салтын насихаттауға, тәртіп бұзушылықпен және нашақорлықпен күресті күшейтуге, студенттердің радикалды діни ағымдарға қатысуының алдын алуға арналған дөңгелек үстелдер және т.б. түрлі шараларды өткізіп тұрады.

 

Оқу үдерісіндегі жетістіктің маңызды алғышарттарының бірі ˗ жемқорлықтың деңгейін төмендету жолымен жағымды ахуал қалыптастыру. Жемқорлықтың алдын алу, жастар арасындағы қылмыскерлікпен күрес бойынша жұмыстарға баса назар аударылады. Жыл сайын облыстық ұлттық қауіпсіздік департаменті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, облыстық және қалалық әкімдіктің ішкі саясат департаменттерінің өкілдерімен, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарымен бірлескен «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Аймақтағы жемқорлықтың жағдайы және дамуы», «Облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру» т.б. тақырыптарға семинарлар, қоғамдық тыңдаулар, куратор сағаттары өткізіліп тұрады.

 

Студенттердің дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы жоо-ғы оқу-тәрбие үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, дені сау, рухани бай және адамгершілігі жоғары мамандар дайындау мақсатында университет оқу-тәрбие үдерісінің өзге де  бағыттарымен өзара үйлесімділікте жүзеге асырылып отырады.

 

Университеттің студенттік ұйымдары Қазақстан жастары Альянсымен, «Жасыл ел» республикалық штабымен, облыстық жастар саясаты басқармасымен тығыз байланыс жасап отырады. 

 

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттары, міндеттері, мақсаттық индикаторлары, шаралар және нәтиже көрсеткіштері

Стратегиялық бағыт 1.

Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету