Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

1. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛҒА ТАЛДАУ

Стратегиялық бағыт 1.

Сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың  бакалавриаттың 37 мамандығы, магистратураның 15 мамандығы, докторантураның 5 мамандығы бойынша жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 12019074 шектеусіз мерзімдегі мемлекеттік лицензиясы бар.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың білім беру қызметі Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының, мүдделі тұлғалардың білікті мамандарға сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. 

Оқу үдерісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес ұйымдастырылады. Білім беру бағдарламаларын дамыту кәсіби білім беру мазмұнын үздіксіз жаңғырту бағытында жүзеге асырылады. Оқу-әдістемелік жұмыс университеттегі қолданылатын білім сапасын басқару технологиясының жүйетүзуші факторы болып табылады.

Университет ПОҚ-ы жыл сайын университет мамандықтарының оқу жоспарындағы пәндері бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер тапшылығын толықтыратын оқу-әдістемелік әдебиеттерді: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, есептер мен жаттығулар жинағы, зертханалық практикумдар, пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды жасақтайды.

Университеттегі барлық оқу-әдістемелік құжат мемлекеттік және орыс тілдерінде жасақталады. Бұл мақсатта университетте ОӘӘ-ді басып шығарудың оқу жылына арналған жоспары бекітіледі.

ПОҚ-тың біліктілігін арттыруды жоспарлы түрде жүргізу мақсатында жыл сайын ПОҚ мамандық салалары ескеріле отырылып, Маңғыстау облысының ірі кәсіпорындарының базасында, «Өрлеу» ұлттық орталығында біліктілік арттырудың Жоспары бекітіледі. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамаларға айрықша көңіл бөлінеді.

Магистранттар мен студенттер тәжірибесінің барлық түрлері бекітілген оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Тәжірибелерден өткізу үшін университет тәжірибе базалары болып табылатын жетекші өндірістік компаниялармен келісім-шарттар жасасқан. Олардың ішінде Маңғышлақ экспериментальдық ботаника бағы, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, «ЗапКазПроект» ЖШС, «ЗПМ» ЖШС, «МангистауНПЦзем» ДМК, «Актауградкадастр» МҚК,  «ТенгизСтройСервис» ЖШС, «Узеньпромгеофизика» АҚ, «Каскор-Машзавод» АҚ, «МАЭК-КазАтомпром» ЖШС, «СРЗМО» ЖШС, «КазТрансОйл» АҚ, «Каспий жылу, су арнасы» МҚК, «КазГПЗ» ЖШС, «Узеньмунайгаз» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Жилстройсбербанк» АҚ, «НародныйБанк» АҚ,Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы, Маңғыстау облысы ІІД, Ақтау қалалық №2 соты, сондай-ақ қала мен облыстың барлық жалпы білім беретін мектеп, лицей, колледждері бар.

«Екідипломды білім беру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Келісім-шартты жүзеге асыру аясында Ш. Есенов атындағы КМТИУ оқу базасында Әзірбайжан мемлекеттік теңіз академиясы нұсқаушы-оқытушылық құрамы  мен университеттің «Теңіз және жерүсті көлік» кафедрасының оқытушылары конвенциондық курстар өткізді. Оқыту нәтижесі бойынша емтихандарды Әзірбайжан мемлекеттік теңіз әкімшілігінің өкілдері қабылдады.

Мұндай сертификаттардың болуы студенттердің «Теңіз техникасы мен технологиялары» мамандығының оқу жоспарына сәйкес міндетті талап болып табылатын жүзу тәжірибесінен өтуге, құзыреттілік туралы сертификаттан өзге конвенция талаптарына сәйкес студенттің теңіз қызметіне дайындығы, құзыреттілігі немесе теңіз қызметінің ұзақтығына байланысты талаптардыңорындалғанын дәлелдейтін теңізшінің жұмыс дипломын алуға мүмкіндік береді.

КМТИУ-дың студенттері мен оқытушыларына ағылшын тілін үйретудің бірлескен білім беру бағдарламасы аясында «ShakmardanYessenovFoundation» қорымен ынтымақтастық табысты түрде жалғасуда.

Университеттің материалдық-техникалық базасы 3 оқу-зертханалық ғимаратынан, кітапханадан, бассейні бар спорт кешенінен, 2 спорт залдардаң, 3 жатақханадан, тамақтану орны мен медициналық пункттен тұрады.

Университетте заманауи дәрісханалар, компьютер сыныптары мен Ғаламтор жүйесіне ақысыз қосылатын электрондық оқу залы, кітапхана, оқу залдары, оқу телестудиясы, жаттықтыру және ойын залдары, бассейні, ашық спорт алаңдары бар спорт кешені, аумақты тамақтану пункттері және студенттерге арналған жайлы жатақханалар бар.

Университеттің материалдық-техникалық базасы білім беру қызметін оқытудың интерактивтік әдістерін қолдана отырып жоғары деңгейде жүргізуге, білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, олардың бос уақыттары мен тұрмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Арнайы дәрісханалар, оқу және ғылыми зертханалар университет мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қажетті  заманауи үлгідегі оқу-ғылыми құралдармен жабдықталған.

Университеттің өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың базасында кафедра филиалдары, мұнай-газ саласының мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған оқу полигондары бар.

Университеттегі дербес комьпютерлер паркі 866 бірлікті құрайды немесе 5 студентке 1 компьютерден келеді. Университеттің Ғаламтор желісіне шығатын 2 кең жолақты каналы бар.

Оқу орнында Ғаламтор желісіне және университеттің ақпараттық ресурстарына қосылуға рұқсат беретін және оқу ғимараттарын бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіруге арналған бірлескен компьютерлік желі жұмыс істейді, Wi-Fi сымсыз желісі қызмет көрсетеді.

Жалпы оқу алаңы әрбір студентке 16,1 шаршы метрден келетін 54 323,43 шаршы метрді құрайды.

Жаттығу және ойын залдары бар спорт кешенінің, спорт залдарының, ашық спорт алаңдарының жалпы алаңы әрбір студентке 4,5 метрден келетін 15 048,57 шаршы метрді құрайды.

Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да 1082 орынға арналған 3 жатақхана бар.

Білім алушыларды жатақханаға орналастыру, шығару, тұру тәртібі университет ректорының 28.05.2013 ж. № КНЦ-3/69 бұйрығымен бекітілген Жатақханаларда тұрудың Ережесінде белгіленген.

Университтетте Болон процесі принциптеріне сәйкес еуропалық білім кеңістігіне университеттің кірігуін жеделдетуге және таяу және алыс шет елдердің ЖОО-мен өзара тиімді жан-жақты байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылады.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ мен IFF Фраунгофер қоғамдастығы өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мен автоматтандыру Институты (Магдебург қ., Германия) арасында инженерлер дайындайтын Орталық Азияға арналған инжиниринг орталығын (СЕСА) жобалау және оны құру бойынша жұмыстарды қолдау, сондай-ақ пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да СЕСА орталығын құру көпсалалы инжинирингті виртуальды коммуникациялық платформамен бірге пайдалануға мүмкіндік беріп,  университеттің ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды.

Университеттің халықаралық ынтымақтастығы мамандарды дайындау жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіре отырып, ПОҚ біліктілігін арттыру, шетелдік ЖОО-мен тікелей келісім-шарттар бойынша оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.  

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың ұйымдық-басқару қызметінде  оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау, білім беру бағдарламаларын, нормативтік құжаттарды жасақтау, ұйымдық-өндірістік құрылымдарды жасақтау сияқты мәселелерді шешуде ЖОО-ның автономдығы қағидалары  жүзеге асырылады.

Назарбаев Университетінің тәжірибесін зерттеу мен ендіру мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

1) Назарбаев Университетінің біліктілік арттыру курстарына ПОҚ-ты жіберу; 
2) Назарбаев Университеті өткізетін шараларға басшылар мен ПОҚ-тың қатысуы.