1976 жыл – Шевченко (қазіргі – Ақтау) қаласында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ) жалпытехникалық факультетінің ашылуы.

Негіздеме: Қазақ ССР Жоғары және арнайы орта білім министрінің 1976 жылғы 5 наурыздағы бұйрығы.

Жалпытехникалық факультеттің алғашқы деканы болып Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев тағайындалды.

1983 жылы жалпытехникалық факультеттің деканы болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.

 

1990 жыл – жалпытехникалық факультеттің В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы ретінде қайта құрылуы.

Негіздеме: Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 18 қыркүйектегі № 384 қаулысы.

Филиалдың алғашқы директоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.

 

1993 жыл – В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы базасында Ақтау политехникалық институтының ашылуы.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 472 қаулысы.

Институттың алғашқы ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.

 

1995 жыл – Ақтау политехникалық институтына Шахмардан Есенов есімінің берілуі.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 қаулысы.

 

1996 жыл – Ақтау политехникалық институты мен Атырау педагогикалық университеті Ақтау филиалының негізінде Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің құрылуы.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысы.

Университет ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.

  

2001 жылы университет ректоры болып Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов тағайындалды.

  

2005 жылы университет ректоры болып Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров тағайындалды.

 

2008 жыл – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті атауының Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті болып өзгеруі.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 502 қаулысы.

  

2013 жылы университет ректоры болып Әділбек Қожабекұлы Ботабеков тағайындалды.

 

Бүгін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті:

1) 37 бакалавриат, 15 магистратура және 5 докторантура мамандықтары бойынша білім беру қызметін көрсетеді;

2) үш оқу ғимараты, үш жатақханасы, үш оқу полигоны, бассейнді спорт кешені бар оқу орны;

3) профессорлық-оқытушылық құрамы – 350-ден аса адам, соның ішінде: 16 ғылым докторы және 169 ғылым кандидаты.