Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html
  rektor  

Ректор БОТАБЕКОВ ӘДІЛБЕК ҚОЖАБЕКҰЛЫ 

1959 жылы 18 қарашада дүниеге келген.

1982 жылы В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылы В.А. Кучеренко атындағы Құрылыс конструкциялары орталық ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу қаласы) аспирантурасын бітірген.

2009 жылы Халықаралық көлік академиясының академигі болып сайланған.

2015 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланған.

Еңбек жолы:

11.1982-12.1985 – Алматы сәулет-құрылыс институтының оқытушысы;

01.1986-07.1988 – В.А. Кучеренко атындағы Құрылыс конструкциялары орталық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты;

08.1988-09.2008 – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының оқытушысы, доценті, профессоры, факультет деканы, проректоры, вице-президенті;

09.2008-02.2013 – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының президент-ректоры; 

03.2013 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры.

1999 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда абитуриенттерді кешенді тестілеуді алғаш ендірген жылы ол жұмысқа белсенді қатысқаны үшін алғыс жариялаған.

2000 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігі тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму үрдісінде қол жеткізген табысы, сондай-ақ Қазақстанның әрі қарай гүлденуіне қосқан үлкен үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттаған.

2005 жылы – ҚР Индустрия және сауда министрлігі өндірістік қаракетте қол жеткізген жоғары нәтижелері, сондай-ақ отандық құрылыс саласын дамыту ісіндегі көп жылдық және жемісті еңбегі үшін алғыс жариялаған.

2005 жылы білім саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2009 жылы ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев алғыс жариялаған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 20 жылдығының құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальімен наградталған.

2011 жылы экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен наградталған.

2015 жылы елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығының құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 16 сәуірдегі Жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальімен наградталған.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев алғыс жариялаған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.