Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор ЖОЛДАСБАЕВА ГҮЛСАРА ӨЗБЕКҚЫЗЫ

1960 жылғы 17 маусымда дүниеге келген.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, одан кейін – 1992 жылы Қазақ политехникалық институтының (ҚазПТИ) Маңғыстау филиалын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы 08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2002 жылы «Экономика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2012 жылы Менеджмент аймақтық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Еңбек жолы:

08.1981-07.1984 – Құрылысбанктің Мұнайлы бөлімшесінде бас бухгалтердің орынбасары;

07.1984-08.1992 – «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс тресті» кәсіпорнында инженер-экономист, экономист, бас бухгалтер;

08.1992-10.2006 – ҚазПТИ-дың Ақтау филиалының, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі;

11.2006-04.2015 – Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың «Экономика және құқық» факультетінің деканы.

04.2015 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры.

2006 жылы білім беру саласындағы сіңірген айырықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2008 жылы Маңғыстау облысын дамытуға қосқан үлесі үшін «Манғыстау облысына 35 жыл» төс белгісімен марапатталған.

2009 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Ең үздік әйел-басшы» дипломымен марапатталған.

2016 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.