Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html
homemadeporntape sexmag

Оқу ісі жөніндегі проректор ИМАНДОСОВА МАРГАРИТА БОЛАТҚЫЗЫ

1963 жылдың 16 қаңтарында дүниеге келген.

1985 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы 05.22.06-Темір жол жолдары мамандығы бойынша кандидаттық, ал 2003 жылы 05.22.06-Темір жол жолдары, ізденістер және темір жолдарды жобалау мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

2001 жылы «Көлік» мамандығы бойынша доцент, 2007 жылы – профессор ғылыми атағы берілді.

2008 жылы Халықаралық көлік академиясының академигі болып сайланды.

2008-2010 жылдары – 05.22.06-Теміржол жолдары, темір жолдарды зерттеу және жобалау, 05.22.07-Темір жолдардың жылжымалы құрамы, пойыздар тартымы және электрлендіру, 05.22.08-Тасымалдау процесстерін басқару мамандықтары бойынша ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің төрайымы.    

Еңбек жолы:

08.1985-08.1994 – «Алматыгипротранс» жобалау-зерттеу институтында инженер, жетекші инженер;

09.1994-04.2007 – М. Тынышбаев Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында (ҚазККА) ассистент, аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы;

05.2007-08.2007 – ҚазККА-ның Ақтаудағы филиалының директоры;

09.2007-12.2008 – ҚазККА оқу-әдістемелік басқарма бастығы, факультет деканы;

01.2009-06.2013 – ҚазККА тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры; 

07.2013 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.

1999 жылы шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, дүниетанымдық мәдениеті жан-жақты дамыған, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді, қоғамдық гуманитарлық-өнегелі білім беруді жүзеге асыру қабілеттеріне ие тұлғаларды тәрбиелеп қалыптастыруға қосқан мол үлесі үшін «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының төрағасы міндетін атқарушы С. Терещенко мақтау қағазбен марапаттаған.

2004 жылы Қазақстан темір жолына 100 жыл толу мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысып, қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі алғыс жариялаған.

2006 жылы темір жол көлігі мамандарын дайындауға қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» төс белгісімен марапатталған.

2010 жылы білім беру саласындағы сіңірген айырықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2011 жылы «Астана-Алматы 2011» VII Қысқы Азиялық ойындарды дайындап өткізуге белсенді түрде қатысқаны үшін Алматы қаласының әкімі алғыс жариялаған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.