Ғылыми жұмыс және қарым-қатынас жөніндегі проректор ЗАКЕНОВ СЕМБІҒАЛИ ТӨРЕШҰЛЫ

1965 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген.

1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (ҚазПТИ) «Мұнай және газ орындарын ұңғылау және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

1995 жылы Теориялық және қосалқы механика институтының аспирантурасын бітірген.

1996 жылы 01.02.05-Сұйық, газ және плазма механикасы мамандығы бойынша кандидаттық, ал 2009 жылы 25.00.17-Мұнай және газ орындарын ұңғылау және пайдалану мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1998 жылы «Мұнай және газ орындарын ұңғылау және пайдалану» мамандығы бойынша доцент, 2010 жылы «Пайдалы қазбаларды игеру» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Еңбек жолы:

08.1991-12.1992 – ҚазПТИ-дың Ақтаудағы филиалының оқытушысы;

12.1995-05.2007 – Ақтау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, ректордың көмекшісі, факультет деканы;

05.2007-10.2008 – «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

10.2008-06.2013 – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің факультет деканы; 

07.2013 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми жұмыс және қарым-қатынастар жөніндегі проректоры.

2005 жылы білім саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2009 жылы ғылым саласындағы қол жеткізген табысы үшін «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы табысы үшін» төс белгісімен марапатталған.

2011 жылы белсенді қызметі үшін «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен марапатталған.

2011 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға және оны өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті алғыс жариялаған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.