Ахметов Берік Бақытжанұлы

 

Техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

1985 жылғы 15 желтоқсанда туған.

2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығын, ал 2009 жылы –  механика-математика факультеті ақпараттық жүйелер кафедрасының аспирантурасын бітірді.

2010 жылы 05.13.01 – Ақпаратты жүйелік талдау, басқару және өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолы:

2006-2013 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;

2011-2013 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үдерісі бөлімінің басшысы, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы;

2013-2017 –   Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президенті;

2017 жылғы 6 қыркүйекте Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры болып тағайындалды.

 

Біліктілікті арттыру:

2010-2011 – University of Pierre Mendes (Франция), Alecante university (Испания) – тағылымдама;

2011-2012 – Carl von Ossietzky universitat Oldenburg (Германия) университетінің постдокторантура бағдарламасы;

2010-2012 – талантты жас ғалым ұлттық стипендиясының иегері;

2014 жылғы маусым – АҚШ-та Жоғары білім саласындағы зерттеу орталығындағы біліктілікті арттыру курсы   (University of California, Berkeley);

2014 жылғы шілде – Англияда жоғары оқу орындары басшыларына арналған оқу курсы (Regent’s university London, university of Oxford, university of Cambridge, Brunel university); 

2014 жылғы шілде – Қазақстаннның жоғары оқу орындарының көшбасшыларына арналған кәсіби даму бағдарламасы (Назарбаев университеті & Leadership foundation).

 

Ғылыми-әдістемелік еңбектері:

Бір оқулық, 2 монография және ғылыми басылымдарда 40-тан астам ғылыми мақалалар жариялаған.  

 

Оқу ісі жөніндегі проректор ИМАНДОСОВА МАРГАРИТА БОЛАТҚЫЗЫ

1963 жылдың 16 қаңтарында дүниеге келген.

1985 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы 05.22.06-Темір жол жолдары мамандығы бойынша кандидаттық, ал 2003 жылы 05.22.06-Темір жол жолдары, ізденістер және темір жолдарды жобалау мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

2001 жылы «Көлік» мамандығы бойынша доцент, 2007 жылы – профессор ғылыми атағы берілді.

2008 жылы Халықаралық көлік академиясының академигі болып сайланды.

2008-2010 жылдары – 05.22.06-Теміржол жолдары, темір жолдарды зерттеу және жобалау, 05.22.07-Темір жолдардың жылжымалы құрамы, пойыздар тартымы және электрлендіру, 05.22.08-Тасымалдау процесстерін басқару мамандықтары бойынша ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің төрайымы.    

Еңбек жолы:

08.1985-08.1994 – «Алматыгипротранс» жобалау-зерттеу институтында инженер, жетекші инженер;

09.1994-04.2007 – М. Тынышбаев Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында (ҚазККА) ассистент, аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы;

05.2007-08.2007 – ҚазККА-ның Ақтаудағы филиалының директоры;

09.2007-12.2008 – ҚазККА оқу-әдістемелік басқарма бастығы, факультет деканы;

01.2009-06.2013 – ҚазККА тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры; 

07.2013 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.

1999 жылы шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, дүниетанымдық мәдениеті жан-жақты дамыған, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді, қоғамдық гуманитарлық-өнегелі білім беруді жүзеге асыру қабілеттеріне ие тұлғаларды тәрбиелеп қалыптастыруға қосқан мол үлесі үшін «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының төрағасы міндетін атқарушы С. Терещенко мақтау қағазбен марапаттаған.

2004 жылы Қазақстан темір жолына 100 жыл толу мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысып, қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі алғыс жариялаған.

2006 жылы темір жол көлігі мамандарын дайындауға қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» төс белгісімен марапатталған.

2010 жылы білім беру саласындағы сіңірген айырықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2011 жылы «Астана-Алматы 2011» VII Қысқы Азиялық ойындарды дайындап өткізуге белсенді түрде қатысқаны үшін Алматы қаласының әкімі алғыс жариялаған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.

Ғылыми жұмыс және қарым-қатынас жөніндегі проректор ЗАКЕНОВ СЕМБІҒАЛИ ТӨРЕШҰЛЫ

1965 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген.

1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (ҚазПТИ) «Мұнай және газ орындарын ұңғылау және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

1995 жылы Теориялық және қосалқы механика институтының аспирантурасын бітірген.

1996 жылы 01.02.05-Сұйық, газ және плазма механикасы мамандығы бойынша кандидаттық, ал 2009 жылы 25.00.17-Мұнай және газ орындарын ұңғылау және пайдалану мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1998 жылы «Мұнай және газ орындарын ұңғылау және пайдалану» мамандығы бойынша доцент, 2010 жылы «Пайдалы қазбаларды игеру» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Еңбек жолы:

08.1991-12.1992 – ҚазПТИ-дың Ақтаудағы филиалының оқытушысы;

12.1995-05.2007 – Ақтау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, ректордың көмекшісі, факультет деканы;

05.2007-10.2008 – «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

10.2008-06.2013 – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің факультет деканы; 

07.2013 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми жұмыс және қарым-қатынастар жөніндегі проректоры.

2005 жылы білім саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2009 жылы ғылым саласындағы қол жеткізген табысы үшін «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы табысы үшін» төс белгісімен марапатталған.

2011 жылы белсенді қызметі үшін «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен марапатталған.

2011 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға және оны өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті алғыс жариялаған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.

Қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор БАТЫКОВ НҰРБОЛАТ ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

1974 жылы 21 маусымда дүниеге келген. 

2004 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша  бітірген.

2010 жылы 25.00.36-Геоэкология мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолы:

06.2001-09.2010 – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде бас инженер, шаруашылық бөлімінің басшысы, ректордың көмекшісі, ректордың аппарат жетекшісі, әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор;

09.2010-06.2013 – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде әлеуметтік-шаруашылық (2013 жылдың мамырынан - қаржы-шаруашылық қызмет) департаментінің директоры;

07.2013 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректоры.

2006 жылы Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі Құрмет грамотасымен марапаттады.

2011 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Алғыс хатымен марапаттады.

2013 жылы «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» трансұлттық темір жолының Қазақстан-Түркіменстан бөлігінің салтанатты ашу рәсімін ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысының Алғыс хатымен марапатталған.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор ЖОЛДАСБАЕВА ГҮЛСАРА ӨЗБЕКҚЫЗЫ

1960 жылғы 17 маусымда дүниеге келген.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, одан кейін – 1992 жылы Қазақ политехникалық институтының (ҚазПТИ) Маңғыстау филиалын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы 08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2002 жылы «Экономика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2012 жылы Менеджмент аймақтық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Еңбек жолы:

08.1981-07.1984 – Құрылысбанктің Мұнайлы бөлімшесінде бас бухгалтердің орынбасары;

07.1984-08.1992 – «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс тресті» кәсіпорнында инженер-экономист, экономист, бас бухгалтер;

08.1992-10.2006 – ҚазПТИ-дың Ақтау филиалының, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі;

11.2006-04.2015 – Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың «Экономика және құқық» факультетінің деканы.

04.2015 бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры.

2006 жылы білім беру саласындағы сіңірген айырықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

2008 жылы Маңғыстау облысын дамытуға қосқан үлесі үшін «Манғыстау облысына 35 жыл» төс белгісімен марапатталған.

2009 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Ең үздік әйел-басшы» дипломымен марапатталған.

2016 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен наградталған.