Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

технологиялар және инжиниринг университеті

 

Каспийский государственный университет

технологий и инжиниринга имени Ш. ЕСЕНОВА

 

БЕКІТІЛДІ

Ш.Есенов атындағы КМТИУ ғылыми кеңесінің шешімі 

(18.10.2017 күнгі № 2 хаттама) 

                                          

 

 

 

 

 

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КМТИУ-дың

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ туралы ЕРЕЖЕ

 

ПОЛОЖЕНИЕ О ПОПЕЧИТЕЛЬСКОМ СОВЕТЕ

КГУТИ имени Ш. ЕСЕНОВА

 

 

 

УТВЕРЖДЕН

решением ученого совета

КГУТИ имени Ш. Есенова

(протокол № 2 от 18.10.2017 года)

 

 

 

 

 

АҚТАУ, 2017

 

 

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы 44-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына», Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің (бұдан әрі – Ш. Есенов атындағы КМТИУ) Жарғысына сәйкес әзірленді.

1.2. Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың қамқоршылық кеңесі алқалық басқару нысаны болып табылады және университетті дамытудың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында құрылады.

1.3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінің жоспарын университеттің мүдделері үшін дайындайды, қабылдайды және жүзеге асырылуын ұйымдастырады.

1.4. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1) университеттің оқу үдерісіне халықаралық стандарттар негізіндегі, шетелдік жетекші университеттерде қолданылатын бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламалырын енгізуге ықпал ету;

2) маман даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін перспективалық бағдарламаларды қаржыландыруға және жүзеге асыруға көмек көрсету;

3) жастардың мәдениет және спорт салаларындағы бастамаларына материалдық қолдау көрсету;

4) университеттің ғылыми-зерттеушілік және инновациялық қызметін дамытуға ұйымдастырушылық-материалдық қолдау көрсету;

5) фундаменталды және қолданбалы ғылыми-техникалық әзірлемелерді дамытуға қолдау көрсету;

6) университеттің халықаралық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастығын қалыптастыруға және дамытуға қолдау көрсету.

1.5. Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың Қамқоршылық кеңесі университеттің әкімшілігімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

1.6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2. Ш. Есенов атындағы КМТИУ қамқоршылық кеңесінің құрамы

2.1. Қамқоршылық кеңестің құрамын университет бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.

2.2. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;

4) білім алушылардың ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар.

2.3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны кемінде тоғыз адамнан құрылады.

2.4. Қамқоршылық кеңес мүшелері университет қызметкерлерінің штатына кірмейді.

2.5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қажет болған жағдайда Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі негізінде оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қамқоршылық кеңес құрамынан шығу төрағаның атына өтініш жазу арқылы жүзеге асырылады.

2.6. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

2.7. Университеттің ректоры мен проректорлары Қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.

2.8. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.

3. Ш. Есенов атындағы КМТИУ қамқоршылық кеңесінің өкілеттілігі

3.1. Ш. Есенов атындағы КМТИУ қамқоршылық кеңесі:

1) университеттің қызметімен, білім алушыларына жасалған жағдайлармен танысады;

2) университетті дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

3) университеттің жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

4) университет бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстар әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде университетке түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) ректордың университет қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы есебін тыңдайды;

7) университет қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.

4. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

4.1. Қамқоршылық кеңестің отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес, біріқ тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.

4.2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне жолданады.

4.3. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.

4.4. Қамқоршылық кеңестің отырысы оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қажет болған жағдайда, отырыс онлайн-режимінде ұйымдастырылуы мүмкін, мұндайда оған Skipe бағдарламалық жасақтаманың көмегімен қатысуға болады.

4.5. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.

4.6. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді. Қамқоршылық кеңестің шешімдері туралы ақпаратты университет өз интернет-ресурсына орналастырады.

5. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

5.1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

1) Қамқоршылық кеңестің бастамасы және шешімі бойынша;

2) Университетті таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.