2017 жылғы 7 сәуірде Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттану мәселелері жөніндегі бөлім жетекшілеріне арналған оқу семинары өтті.

Семинарға тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Г.У. Джолдасбаева, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен университеттің басқа да бөлім басшылары қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізудің негізгі бағыттары жөнінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Нариман Жанәділұлы Айтжанов түсіндірме жасады.

Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі талаптарымен және сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу механизмдерімен танысты.