Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

2016 жылғы 29 желтоқсанда Ш. Есенов атындағы КМТИУ ректоратының жаңа жыл қарсаңындағы салтанатты мәжілісі өтті.

Университет ректоры Әділбек Қожабекұлы Ботабеков ұжымның ағымдағы жылдағы жұмысы мен жетістіктері туралы қысқаша айтып өтті. 2016 жылы университет институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті, университеттің жұмыскерлері мен білім алушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға белсене атсалысты.

 Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен университет ректоры Ә.Қ. Ботабеков, оқу ісі жөніндегі проректор М.Б. Имандосова, ғылыми жұмыс және қарым-қатынас жөніндегі проректор С.Т. Зәкенов, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Г.У. Джолдасбаева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Б.І. Нұрдәулетова, «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті Р.Қ. Махамбетова, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.И. Мамбетова, «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасының аға оқытушысы Г.Н. Шарипова марапатталды.

Мәжіліс барысында ректор Ұлттық мереке «Тәуелсіздік күнін» мерекелеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің наградаларын табыстады:

1. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қолжеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен:  

1) Людмила Леонидовна Буянова, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті;

2) Суйменова Маржан Кузембайқызы, «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы;

3) Табылғанов Мақсат Тоқсанұлы, «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасының меңгерушісі марапатталды.

2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен:

1) Қыстаубаева Құндыз Тазабайқызы, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының аға оқытушысы;

2) Андрюков Александр Викторович, кітапхананың жетекші маманы марапатталды.

Одан кейін университет ректоры келесі марапат иегерлерін құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады:

1) Тоты Қалжанқызы Бекжановаға, «Қаржы» кафедрасының доцентіне – жыл сайынғы республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының 2016 жылғы жеңімпазына;

2) Әділет Дыбысұлы Қабыловқа, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессорына – Маңғыстау облысы әкімшілігінің жыл сайынғы «Жыл адамы» байқауының «Жыл ғалымы» номинациясы бойынша 2016 жылғы жеңімпазына.  

Ректорат мәжілісінің соңында ректор университет ұжымын келе жатқан Жаңа 2017 жылмен құттықтап, барша жұмыскерлерге зор денсаулық, отбастарына құт-береке, еңбектеріне табыс және көтеріңкі көңіл-күй тіледі.