2016 жылғы 14 желтоқсанда Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде белсенді жастарды «Жастар сыйлығы-2016» сыйақысымен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

14 номинация бойынша өткен байқауға өз саласында айтулы жетістіктерге жеткен 50 үміткер қатысты: «Жас мұғалім», «Жас көшбасшы», «Жас мұнайшы», «Жас кәсіпкер» және тағы басқалар.

«Жас ғалым» номинациясы бойынша ең үздік деп танылған Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша күндіз оқитын 4 курс студенті Абзал Қарақойшиев болды.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Қ.С. Берішбаев аймақты дамытуға қосқан үлестері мен кәсіби біліктіліктері үшін жастар сыйақысының иегерлеріне алғыс айтып, оларға дипломдар мен ноутбуктер табыстады.

Шара мерекелік концертпен жалғасты.