Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

 

2016 жылғы 27 желтоқсанда Ақтау қаласы «Renaissance» қонақ үйінде «Жыл студенті-2016» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Он номинация бойынша өткен сайысқа Маңғыстау облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім алушылары қатысты.

Байқау қорытындысы негізінде Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың студенттері 4 номинация бойынша жеңімпаз атанды:

1) «Үздік ғалым» –  Лаура Оразова, «Экология» мамандығы бойынша оқитын 2 жыл магистранты;

2) «Үздік студенттік бизнес жоба» – Айдана Орысбай,  «Менеджмент» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенті; 

3) «Үздік өнерпаз» Диана Сабырбаева, «Экономика» мамандығы бойынша күндіз оқитын 4 курс студенті;

4) «Үздік тілші» Ықлас Табунаев, «Қаржы» мамандығы бойынша күндіз оқитын 3 курс студенті.

Жеңімпаздарды Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқарманың басшысы А.С. Нұрдәулетов құттықтап, дипломдар мен       статуэткалар табыстады.

Студенттерімізді жетістіктерімен құттықтап, оларға алдағы уақытта да сәттіліктер мен шығармалық табыстар тілейміз!