Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html
homemadeporntape sexmag

 

2016 жылғы 12 желтоқсанда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың конференц-залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Жиынға университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері, студенттер мен магистранттар қатысты.

Салтанатты жиналысты құттықтау сөзбен университет ректоры Әділбек Қожабекұлы Ботабеков ашты. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, жиналғандарды ұлтжандық пен Отан үшін мақтаныш мекекесімен құттықтады. «Қазақстанның еркіндігі пен күш-қуатының символы, жас мемлекеттің жаңа тарихының бастауы болып танылатын айтулы мерекеде баршаңызға бейбітшілік, отбасыларыңызға құт-береке және ел ертеңі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс тілеймін!» - деп атап өтті ректор.

Бұдан кейін ректор жұмыскерлер мен білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі құрметіне әлеуметтік қолдау көрсету туралы шаралармен таныстырды және бір топ жұмыскерлерге марапаттар тапсырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және Маңғыстау облысының жоғары білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімдігі мен Маңғыстау облысы мәслихатының Құрмет грамотасымен университеттің келесі жұмыскерлері марапатталды:

1) Айгүл Еркінқызы Бакирбаева, ақпараттық және техникалық сүйемелдеу бөлімінің басшысы;

2) Айгүл Бегімханқызы Бегалиева, кеңсе меңгерушісі;

3) Гүлжан Хайдарқызы Досумбекова, бас бухгалтер;

4) Кайрат Болатұлы Жакупов, «Көлік және құрылыс» факультетінің деканы;

5) Жамал Бкайқызы Жамилова, кадр бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және Маңғыстау облысының жоғары білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен келесі жұмыскерлері марапатталды:

1) Шаршаған Табылқызы Абдуллаева, кітапхананың кітапханашысы;

2) Гүлнар Омарқызы Айтмухамбетова, шаруашылық қамтамасыздандыру бөлімінің инженері;

3) Эльмира Темирханқызы Баярыстанова, ректордың көмекшісі;

4) Алтынгүл Машырыққызы Ербакиева, оқу бөлімінің жетекші маманы;

5) Оралбек Орынбекұлы Мамакулов, күзет қызметінің басшысы;

6) Айнара Бекболатқызы Туркменбаева, кітапхананың кітапханашысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және өзінің қызметтік міндеттеріне деген жауапкершілігі үшін университет ректорының Алғысымен келесі жұмыскерлері марапатталды:

1) Сағынбай Қуандықұлы Әбішев, шаруашылық қамтамасыздандыру бөлімінің жұмысшысы;

2) Муксина Шапхатқызы Иркалиева, № 2 жатақхана меңгерушісі;

3) Тарғын Сабырбайұлы Кокушев, шаруашылық қамтамасыздандыру бөлімінің сантехнигі;

4) Ілияс Қалдыбайұлы Көшімов, шаруашылық қамтамасыздандыру бөлімінің электригі;

5) Антон Владимирович Мошенец, ақпараттық және техникалық сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы;

6) Әсел Мырзабекқызы Мұратова, типографияның технигі;

7) Оралбай Төреханұлы Сағынов, шаруашылық қамтамасыздандыру бөлімінің жүргізушісі.

Салтанатты жиналыс университеттің көркемөнерпаздар үйірмелерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.