Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу

қағидаларынан ҮЗІНДІ

 

1. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру гранты немесе тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға тағайындалады.

2. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге және магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді.

3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге және магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге және магистранттарға мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады.

4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді.

5. Сынақтар мен емтихандарды белгілеген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зілзала) тапсыра алмаған студенттергежәне магистранттарға білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін сынақтар мен емтихандарды тапсыруға жеке уақыт белгіленеді, содан кейін оларға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.

6. Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс орындарында және қызметтерде жұмыс істеген кезеңде студенттерге және магистранттарға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен төленеді.

7. Басқа оқу орнынан ауыстырылған студенттергежәне магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.

8. Докторанттарға мемлекеттік стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын төленеді.

9. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның шешiмi) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттержәне магистранттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.

Академиялық демалыстан келген студенттерге, магистранттарғажәне докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу алдағы (кезекті) емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарғажәне докторанттарға мемлекеттік стипендия кезекті емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

Туберкулезбен ауыратын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін белгіленеді және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.

10. Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, магистранттарға, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.

11. Стипендия тағайындау ректордың бұйрығымен жүргізіледі.

12. Стипендияларды төлеу ақша алушының банкте ашылған ағымдағы шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға 01.01.2016 бастап ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:

1) студенттерге – 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге;

2) магистранттарға – 53530 (елу үш мың бес жүз отыз) теңге;

3) докторанттарға – 81998 (сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз) теңге.

14. Көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектердің, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалардың, сондай-ақ емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.

15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қамтамасыз ететін студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия жоғары білім беретін білім беру ұйымдары студенттерінің және магистранттарының мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы деңгейінде белгіленеді.

16. Медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, академиялық демалыс кезінде мемлекеттік стипендия тиісті мемлекеттік стипендия мөлшерінің 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

17. Мемлекеттік стипендиялар:

1) білім алушы оқудан шығарылған жағдайда(шығарылу себебіне байланыссыз);

2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;

3) оқуды бітіргеннен кейін оқуды бітіргені туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленбейді.

18. Белгіленген мемлекеттік стипендия көлемін ұлғайту мөлшері:

1) 75% - көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге;

2) 50% - «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген студенттерге және магистранттарға;

3) 30% - жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы студенттерге және магистранттарға;

4) 15% - емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге және магистранттарға.