Ш. Есенов атындағы КМТИУ ғылыми кеңесінің 2016 жылғы 14-қаңтардағы шешімімен 2015-16 оқу жылының 2 семестріне қысқы сессияның қорытындысы бойынша төмендегі студенттерге атаулы стипендиялар тағайындалды:  

1. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендия:

1) Раушан Мазлумқызы Умбетова, 5В072900 - Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша күндіз оқитын 4 курс студенті;

2) Максим Дмитриевич Гришин, 5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша күндіз оқитын 4 курс студенті.

2. Мемлекеттік атаулы стипендиялар:

1) А. Чаянов атындағы стипендия- Сымбат Ораловна Мопикова, 5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша күндіз оқитын 4 курс студенті;

2) Б. Момышұлы атындағы стипендия – Нұрбол Өтегенұлы Аманов, 5В010900-Математика мамандығы бойынша күндіз оқитын 4 курс студенті;

3) К. Сатпаев атындағы стипендия Айдынбек Мирамбекұлы Демегенов, 5В070600-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығы бойынша күндіз оқитын 3 курс студенті.