Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

 

Ш. Есенов атындағы КМТИУ мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) үлгерімді күндіз оқитын 3 және 4 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау туралы конкурс жариялайды.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары2бар;

3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

4) университеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Байқауға қатысатын студенттер факультет деканатына 05.01.2017 дейін хабарласа алады.

Байқауға керекті құжаттар:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) мінездеме;

3) факультет деканының қолтаңбасымен бекітілген, факультет мөрі басылған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипт.