Ш. Есенов атындағы КМТИУ 2016-17 оқу жылының 2 семестріне, қысқы сессияның қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан 3 және 4 курс студенттеріне атаулы стипендия тағайындауға конкурс жариялайды.

Байқауға қатысатын студенттер өздеріне тисті факультеттің деканатына 05.01.2017 дейін хабарласа алады.

Байқауға керекті құжаттар:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2)5факультет деканының қолтаңбасы бекітілген, факультет мөрі басылған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипт.