Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да

жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру

ЕРЕЖЕСІНЕН ҮЗІНДІЛЕР

1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі.

2. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.

3. Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В- ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

3. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы КМТИУ ректорының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттер тіркелуі керек:

а) студенттің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді;

б) оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) КМТИУ өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді.

Білім алушының өтінішіне ғылыми кеңесінің шешімімен қоса:

а) үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді;

б) оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

в) КМТИУ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;

5) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде КМТИУ ректоры білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.