Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html
homemadeporntape sexmag

Білім алушыларды ауыстыру
қағидаларынан үзінділер

1. Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру

     1. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру КМТИУ ректорының бұйрығымен ресімделеді.

     2. Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және академиялық қарызы бар болған жағдайда келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.

     3. Қайта оқу курсына қалдырылған білім беру гранты бойынша білім алушы осы гранттан айырылады және одан әрі ақылы негізде оқиды.

     4. Білім алушының КМТИУ-да белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (GPA) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.

     5. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және қол жеткізген ауысу балдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

2. Білім алушыларды басқа білім беру ұйымынан КМТИУ-ға ауыстыру

    1. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың КМТИУ-ға ауыстыру туралы өтініштерін КМТИУ ректоры жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

    2. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың КМТИУ-ға ауыстыру туралы өтініштерін КМТИУ ректоры кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

    3. Білім алушыларды ауыстыру кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.

    4. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі – анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады.

    5. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.

    6. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
    Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.

    7. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.

    8. Ауысу, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса, сол курсқа жүзеге асырылады.

    9. Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады.

    Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына және кез келген мамандыққа ауыса алады.

    10. Білім алушыны ауыстыру кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі.

    11. Пәндердегі айырмашылықтарды анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.
    Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.

    12. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып КМТИУ-ға ауыса алады.
    Жекелеген жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер КМТИУ-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.

 Ескертпе: Студенттер мен магистранттарды КМТИУ-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.

    13. Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтаманы, транскриптті), балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты болмаған жағдайда, студент ауысу туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады.

    14. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын докторанттар мен магистранттарды КМТИУ-ға ауыстыруға ҚР Білім және ғылым министрлігі (әрі қарай - ҚР БҒМ) мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлуі арқылы жол беріледі.

    15. Білім алушыны басқа білім беру ұйымынан КМТИУ-ға ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

    1) КМТИУ-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, КМТИУ ректорына кеңсе арқылы өтініш білдіреді;

    2) КМТИУ ректорының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді (бакалавриат үшін) тапсырғаны туралы сертификаттың, түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттың (магистратура және докторантура үшін), білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО ректорының атына жазылған өтініштің (ректордың қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;

    3) факультет деканы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

    4) факультет деканы, оқу басқарма бастығы және оқу ісі жөніндегі проректор қойған бұрыштамаларға сәйкес КМТИУ ректоры білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады;

    5) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттар ауысқан жағдайда, осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ҚР БҒМ шешім қабылдағаннан кейін КМТИУ ректоры бұйрық шығарады.

    16. Білім беру гранты бойынша білім алушы КМТИУ-ға бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.

3. Білім алушыларды бір оқу нысанынан екінші нысанға ауыстыру

    1. Білім алушыны бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.

    2. КМТИУ ішінде білім алушыны ақылы негізде бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру шартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және КМТИУ ректорының бұйрығымен ресімделеді.

    3. Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ағымдағы оқу жылына ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.

    4. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың басқа оқу нысанына ауыстыру туралы өтініштерін КМТИУ ректоры жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

    5. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың басқа оқу нысанына ауыстыру туралы өтініштерін КМТИУ ректоры кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

    6. Білім алушыларды ауыстыру кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.

    7. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптте көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады.

    8. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.

    Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.

    9. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.

    10. Ауысу, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса, сол курсқа жүзеге асырылады.

    11. Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады.

    Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына және кез келген мамандыққа ауыса алады.

    12. Білім алушыны ауыстыру кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі.

    13. Пәндердегі айырмашылықтарды анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

    Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.

4. Білім алушыларды бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру

    1. Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.

    2. КМТИУ ішінде білім алушыны ақылы негізде бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру шартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және КМТИУ ректорының бұйрығымен ресімделеді.

    3. Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ағымдағы оқу жылына ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.

    4. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру туралы өтініштерін КМТИУ ректоры жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

    5. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру туралы өтініштерін КМТИУ ректоры кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

    6. Білім алушыларды ауыстыру кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.

    7. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптте көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады.

    8. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
    Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.

    9. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.

    10. Ауысу, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса, сол курсқа жүзеге асырылады.

    11. Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады.

    Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына және кез келген мамандыққа ауыса алады.

    12. Білім алушыны ауыстыру кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі.

    13. Пәндердегі айырмашылықтарды анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

    Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.

    14. Оқу кезеңінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім беру гранты бойынша ауысады.