Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да

білім алушыларға академиялық демалыс беру

ТӘРТІБІ

 

 

1. Бұл құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің2012 жылғы 19 қаңтардағы№ 108 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары» негізінде жасалған.

2. Академиялық демалыс – білім алушылар (студенттер, магистранттар және докторанттар) медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

3. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде әрі қарай оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттары иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін көзделген шығыстарды қаржыландырудан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысының14-тармағына сәйкес) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

4. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс берілген кезде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.

5. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы ректордың атына өтініш береді және оқуды уақытша үзудің негізділігін растайтын құжаттарды тапсырады.

Өтініш негізділігін растайтын құжаттармен бірге университеттің тіркеу бөліміне (бұдан әрі – ТБ) тапсырылады.

ТБ қызметкері өтінішті арнаулы журналға тіркейді және білім алушыға қабылданған құжаттарды көрсетіп қолхат береді.

6. Білім алушыға академиялық демалыс мынадай негізде:

1) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы бойынша сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін;

2) туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның жанындағы Орталық ДКК қорытындысы бойынша беріледі.

Сондай-ақ білім алушыға академиялық демалыс мынадай негіздерде:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініңқатарына әскери қызметке шақыру қағазы болғанда;

2) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда - заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін;

3) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін.

7. Ұсынылған құжаттардың негізінде ректор үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

8. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін ректор білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін ҚР Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – ҚР БҒМ) үш жұмыс күнінің ішінде жолдайды.

9. Білім алушы академиялық демалыстан келген соң ректордың атына өтініш береді және науқасына байланысты академиялық демалыста жүрген білім алушы осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқастың қаралған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК анықтамасын тапсырады.

Өтініш негізділігін растайтын құжаттармен бірге университеттің тіркеу бөліміне тапсырылады.

ТБ қызметкері:

1) өтінішті арнаулы журналға тіркейді және білім алушыға қабылданған құжаттарды көрсетіп қолхат береді;

2) ұсынылған құжаттарды тиісті факультеттің деканына оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығын және оқу курсын анықтау үшін тапсырады.

10. Факультет деканы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды, ТБ-мен келісе отырып, білім алушының оқу курсын және жеке оқу жоспарын бекітеді.

Оқу курсы білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау жағдайындағы ереже бойынша пререквизиттерін есепке ала отырып анықталады:

1) оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады;

2) меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі;

3) оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ағымдағы оқу жылына рәсімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі;

4) оку жоспарларындағы пәндердің айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

11. Ректор ұсынылған құжаттардың негізінде білім алушының мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, үш жұмыс күнінің ішінде академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық шығарады.

12. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін ректор мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде аталған бұйрықтың көшірмесін ҚР БҒМ-не үш жұмыс күнінің ішінде жолдайды.

13. Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинауы тиіс немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады.

14. Білім алушы айырмашылық пәндерін жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық оқу пәндеріне қатысып, сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.