Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Сыртқы академиялық ұтқырлық ҚР Білім және ғылым министрлігінің республика бюджетінен өтелетін, сонымен қатар білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленетін бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.

Әр жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігімен Болон процессіне қатысушы елдердің жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушылардың саны бекітіледі. Барлық шығындар, атап айтқанда, ұшақпен ұшу, тұратын мекен-жайының төлемақысы, медициналық сақтандыру және виза ресідеу республика бюджеті есебінен өтеледі.

Аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер университет сайтының жаңа ақпараттарымен танысулары қажет.

Шетелдік серіктес– университеттер

Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу шеңберінде университет көптеген білім беру ұйымдарымен келісім-шарт жасаған, соның ішінде, алыс және жақын шетел мемлекеттерімен:

1. Әзірбайжан мемлекеттік теңіз академиясы (Әзірбайжан)

2. Әзірбайжан мемлекеттік мұнай академиясы (Әзірбайжан)

3. Мұнай және өнеркәсіптің Әзірбайжан мемлекеттік университеті (Әзірбайжан)

4. Әзірбайжан техникалық университеті (Әзірбайжан)

5. Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы (Ресей)

6. Астрахан мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)

7. Астрахан мемлекеттік университеті (Ресей)

8. Астрахан инженер-құрылыс институты (Ресей)

9. Баку мемлекеттік университеті (Әзірбайжан)

10. М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)

11. Белосток техникалық университеті (Польша)

12. Брест мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы)

13. Брест мемлекеттік техникалық университеті (Беларусь Республикасы)

14. Волгоград мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Ресей)

15. Менеджменттің жоғарғы мектебі (Испания)

16. Ақпараттық жүйе менеджментінің жоғарғы мектебі (Латвия)

17. П.О. Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университеті (Беларусь Республикасы)

18. Акакия Церетели атындағы мемлекеттік университеті (Грузия)

19. Дағыстан мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)

20. Дағыстан мемлекеттік университеті (Ресей)

21. Ереван сәулет және құрылыс мемлекеттік университеті (Армения)

22. Иваново қ. В.И. Ленин атындағы мемлекеттік энергетикалық университеті (Ресей)

23. Дифференциалды психология институты (Германия)

24. Гетман Петр Конашевич-Сагайдачный атындағы Киев су көлігінің мемлекеттік академиясы (Украина)

25. Кипр халықаралық университеті (Кипр)

26. Қытай мұнай университеті (ХуаДун) (Қытай)

27. Кутаиси ұлттық оқу университеті (Грузия)

28. Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)

29. Сорбон университетіндегі Седимес халықаралық институты (Франция)

30. А.А.Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы)

31. Уильям Баренц атындағы теңіз институты (Нидерланды)

32. Констанца қ. Теңіз университеті

33. Махачкала қ. В.С. Черномырдин атындағы Мәскеу мемлекеттік ашық университеті

34. Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті (Ресей)

35. Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)

36. М.В. Ломоносов Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей)

37. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Ресей)

38. "Паисий Хилендарски" атындағы Пловдив университеті (Болгария)

39. Рига техникалық университеті (Латвия)

40. Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті

41. И.М. Губкин атындағы мұнай және газ Ресей мемлекеттік университеті

42. Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті(Ресей)

43. Санкт-Петербург мемлекеттік ақпараттық технология, механика және оптика университеті (Ресей)

44. Хебей солтүстік университеті (Қытай)

45. Святой Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария)

46. Берлин техникалық университеті (Германия)

47. Габрово техникалық университеті (Болгария)

48. "Профессор доктор АсенЗлатаров" атындағы университет (Болгария)

49. Ататюрк университеті (Турция)

50. Гранада қ. университеті (Испания)

51. Плоешти мұнай және газ университеті (Румыния)

52. Адам Мицкевич атындағы Познань университеті (Польша)

53. Ульсан университеті (Корея)

54. Фатих университеті (Турция)

55. Батыс Фландрия университеттік колледжі(Германия)

56. Орал мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)

57. Ухтинск мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)

58. Махачкала қ. В.С. Черномырдин атындағы Мәскеу мемлекеттік ашық университетінің филиалы (Ресей).

Қабылдаған жоғары оқу орнында оқу тәмамдалған соң, білім алушы тіркеу бөліміне ақпараттық жиынтық пен білімі туралы транскрипт ұсынады.