Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Қазіргі таңда білім алушыларға шетелде әртүрлі стипендиялық бағдарламалар аясында оқуға мүмкіндік бар. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – терең білім игеру, тілді жақсы меңгеруге дағдылану, құнды тәжірибе мен көптеген жақсы әсерлер алу.  

Erasmus+ стипендиялық бағдарламасы

Erasmus+ стипендиялық бағдарламасы – 2014-2020 жылдар аралығындағы ұтқырлық және ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама. Аталған бағдарлама жасалған 7 бағдарламаны біріктіреді. Erasmus+ білім алушылардың құжат тапсыруының бірыңғайлығы мен іріктеу тәртібінің біртұтастығын рәсімдейді. Серіктес ретінде кез келген елдің ұйымы мен білім алушысы қатыса алады. Erasmus + туралы ақпаратты Қазақстандағы Tempus Ұлттық офис ресми сайтынан алуға болады.

Сайт: http//www.tempuskaz.kz/index.php/ru/erasmusen.html

DAAD(Академиялық алмасулардың неміс қызметі бағдарламасы) – Германияның барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін және ғалымдар мен студенттердің алмасуы негізінде академиялық байланыстарды шет елде дамытуды мақсат ететін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. Ұйымның басты мақсаттары: Германияда білім алу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шет елдің жас ғылыми элитасын тарту және олармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынасты сақтау; Германияның ЖОО-ң тартымдылығы мен ұлтаралық қатынасты дамыту; өзара түсінісу мен ашықтық арқылы жас ғалымдардың біліктілігін көтеру; жоғары білім беру сала құрылымының жұмысқа қабілеттілігін арттыру, ең бастысы шет елдердің жоғары оқу орындарында неміс әдебиетін, тілін және германдықты қолдауды арттыру.

Сайт: http//www.daad.kz/ru

(Global UGRAD) Халықаралық студенттер алмасу бағдарламасы.

Бағдарлама – күндізгі бөлім студенттеріне бір жыл академиялық мерзімде АҚШ-тың университеттері мен колледждерінде стипендиясыз білім алуға мүмкіндік беретін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдени бағдарламалар бөлімінің бағдарламасы. Бағдарламаға қатысушылар ашық конкурс негізінде іріктеледі. Бағдарламаға 1, 2 және 3 курс студенттері қатыса алады (*міндетті шарт – бағдарламадан оралғанстуденттер жоғары білім туралы диплом алғанға дейін, кем дегенде, 1 семестр қалуы тиіс). Бағдарлама толық қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Сайт: http//russian.kazakhstan.usebassy.gov/ugrad.html

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы

«Болашақ» бағдарламасының арқасында қазақстандықтарға әлемнің 70 ірі жоғары оқу орындарына есік ашық. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ білім алу мониторингін қаржыландыруды өз міндетіне алуды көздейтін, стипендия иегерлерімен үшжақты келісім-шарт жасалады. Стипендиат «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға білім алуды өз міндетіне алып, отанына оралғаннан кейін, 5 жыл жұмыс жасайды. «Болашақ» стипендиясының иегері болу үшін, үміткер бірнеше турдан өтуі қажет. Ең басты шарт – мемлекеттік және шетел тілін, Қазақстан Республикасының тарихы мен Конституциясын жетік меңгеру, сапалы кәсіби дағдыларға ие болу.

Сайт: http//www.bolashak.gov.kz

Shakhmardan Yessenov Foundation

Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры Ш. Есенов атындағы КМТИУ (әрі қарай – Университет) білім алушылардың геология, мұнай және газды барлау саласында бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Байқау негізінде Қазақстан аумағында, таяу және алыс шетелдерде өткізілетін ғылыми форумдарға, конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, олимпиадаларға, сынақ мерзімін өтуге, қысқа мерзімді курстарға және басқа да шараларға студенттердің қатысуы үшін Қор жолақы гранттарын бөледі. 

Сайт: http://www.yessenovfoundation.org/