Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

2013 жылдан бері Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекетттік технологиялар және инжиниринг университеті (әрі қарай – КМТИУ) мен Әзербайджан мемлекеттік теңіз академиясы (әрі қарай – ӘМТА) арасында «Қосдипломды білім алу» бағдарламасы жүргізіліп келеді. Аталған бағдарлама бойынша КМТИУ студенттері екі жоо-ның – КМТИУ мен ӘМТА дипломын алуға мүмкіндігі бар. Білім алушы осы бағдарлама арқылы, екі елдің заңды түрдегі мәртебеге ие екі дипломын алады.

Әзірбайджан мемлекеттік теңіз академиясы теңізде жүзудің Халықаралық ұйымымен мойындалған және оның ұсынысымен әлемдік теңіз жоғары оқу орнының қатарына енген. Академия ТМД және басқа да шетелдік теңіз жоғары орындарымен ынтымақтастық жасасқан. ӘМТА Сант-Петербургтегі Макаров атындағы теңіз академиясының ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі болып табылады.

«Қосдипломды бағдарлама» бойынша КМТИУ студенттерінің келісім-шарттарына сәйкес, бірінші курстың екінші семестрінен бастап ӘМТА білім алады, сонымен қатар білім алушы КМТИУ-де қашықтықтан желілік оқу технологиясын қолданып оқуға мүмкіндігі бар.

3,5 жылдан кейін ӘМТА жіберілген біздің жоғары оқу орынның студенттері IMO бекітілген, әлемнің кез келген елінде еңбек етуге мүмкіндік беретін теңізші дипломына ие болады.

КМТИУ оқу мерзімі 5 жыл, ал ӘМТА 4 жыл болғандықтан, білім алушы тағы 1 жыл КМТИУ-де ӘМТА оқу жоспарында қарастырылмаған қажетті мемлекеттік компененттердегі пәндерді меңгеріп, Қазақстанның мемлекеттік үлгідегі жоғары білім туралы дипломын алады.

Университет қосдипломды бағдарламаны жүргізу барысында, меңгерілген кредиттерді қазақстандық кредитпен және ESTC сәйкес есептейді.