Ш. Есенов атындағы КМТИУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 02.02.2017 күнгі № 47 бұйрығына сәйкес студенттерді академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропа елдеріндегі жоғары оқу орындарында оқыту үшін іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

Толық ақпаратты алу және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға өтініш беру үшін факультеттің үйлестірушісіне хабарласу қажет:

1) «Әлеуметтік және гуманитарлық дайындық» - К.Б. Бижанова, факультет деканының орынбасары;

2) «Педагогика» – Ш.С. Абишева, факультет деканының орынбасары;

3) «Экономика және құқық» - Л.О. Садуакасова, факультет деканының орынбасары;

4) «Мұнай және газ» - А.Ш. Аккенжеева, факультет деканының орынбасары;

5) «Көлік және құрылыс» - Б.О. Кошерова, факультет деканының орынбасары.

ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2008 күнгі № 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына» сәйкес үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері төмендегідей:

1) шет тілін білу деңгейі;

2) білім туралы құжаттың орташа балы;

3) білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;

4) академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлер үшін өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау.

Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға білім алушыларды қаржыландыру:

1) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін республикалық бюджет қаражаты;

2) жоғары оқу орындары ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістер;

3) жұмыс берушілер, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестер, халықаралық және отандық қорлар гранттары және стипендиялары;

4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Білім алушылардың өтініш беруінің соңғы мерзімі: 03.05.2017.