Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру аясында КМТИУ студенттері келесі серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар:

  

1. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

2. Алматы технологиялық университеті

3. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

4. Атырау мұнай және газ институты

5. Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

7. Инновациялық Еуразия университет

8. Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті

9. А. Мырзахметов атындағыКөкшетау университеті

10. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

11. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

12. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

  

Студенттер оқу ақысын серіктес ЖОО-ның бекітілген бағасымен төлейді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттердің құжаттарын тіркеу бөлімі қабылдайды.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірушілерді оқыту, ЖОО-дың екі жақты келісімі және білім алушының бекітілген өтініші мен оқуға келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

КМТИУ-де серіктес жоғары оқу орнынан қабылданған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларға сәйкесінше академиялық кезеңге қабылдану туралы бұйрық шығарылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу туралы бұйрықтың негізінде білім алушылар таңдалған пәндерді меңгеру үшін сәйкесінше оқу ағымдарына және топтарға бекітіледі, ал тәрбие, әлеуметтік жұмыс пен жастардың шығармашылық жұмыстары жөніндегі бөлім білім алушыға сәйкес кезеңге жатақханадан орын беру үшін қажетті құжаттарды ресімдейді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу тәмамдалған соң тіркеу бөлімі білім алушыға бекітілген үлгідегі транскрипт ресімдейді және бағдарламаны тәмамдағаны туралы серіктес ЖОО-на оралуына байланысты бұйрық шығарылады.