Академиялық ұтқырылық бағдарламасына ереже бойынша 2-3 курс студенттері қатыса алады, себебі 1 курста жалпы білім беру пәнідері жүргізілетіндіктен, шетелге шығуды талап етпейді. Соңғы курста тәжірибе өту мен дипломдық жұмысты жазу керек болғандықтан академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі болмайды. Білім алушылар өз беттерінше әріптес ЖОО-ны таңдауларына, оқытылатын пәндер тізімін анықтауға құқылы, содан кейін факультет үйлестірушілеріне өтініш беру қажет.

Іріктеу үрдісі

Академиялық мобильділік үйлестірушісі курс атауы, әріптес ЖОО-ның кредиттері, ECTS кредиттері мен оқу семестрі көрсетілген серіктес ЖОО-да білім алу үшін Келісім жасайды. Білім алуға әріптес ЖОО мен КМТИУ арасында келісімге қол қойылады, одан кейін серіктес ЖОО білім алушыға Шақырту жіберуі тиіс.

Серіктес ЖОО-ң Шақыртуы негізінде жіберуші кафедра мен факультет үйлестірушісі бірлесіп білім алушының жеке оқу жоспарын жасап, оны академиялық ұтқырлық үйлестірушісімен келісуге ұсынады. Білім алушының жеке оқу жоспарын бекіткеннен кейін қажетті құжаттар жиынтығын ресімдейді. Білім алушының ресімделген жиынтық құжаттарының негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына жіберілуі туралы бұйрық дайындалады.

Іріктеу критериилері

Үміткерлердің ағымдық үлгерімі мен шетел тілін меңгеру деңгейі іріктеу критерииінің негізі болып табылады. Сонымен қатар, алдағы академиялық кезеңдегі оқу нәтижесі есепке алынады – бағалар «В-»-тен төмен болмауы тиіс.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу конкурсына қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) білім алуға келісім;

3) жеке оқу жоспары;

4) транскрипт көшірмесі;

5) медициналық анықтама (шетелге шығатын азаматтарға)

6) серіктес ЖОО Шақырту қағазының көшірмесі;

7) екі айдан ұзақ мерзімге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға жіберілетін үміткерлердің ата-аналарының жазба түріндегі келісімі (қамқоршылар, заңды өкілдері).

8) үміткердің, жіберуші және қабылдаушы жоғары оқу орындары арасындағы келісім.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу туралы толық ақпарат пен өтініш беру үшін келесі факультет үйлестірушілеріне және тіркеу бөліміне хабарласуға болады:

1) «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» –декан орынбасары Бижанова К.Б., э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ;

2) «Педагогика» - декан орынбасары Абишева Ш.С., э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ;

3) «Көлік және құрылыс» - декан орынбасары Кошерова Б.О., э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ;

4) «Мұнай және газ» -декан орынбасары Аккенжеева А.Ш., э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ;

5) «Экономика және құқық» - декан орынбасары Садуакасова Л.О., э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ;

6) Тіркеу бөлімі – тіркеу бөлімінің басшысы, университет үйлестірушісі Иванов А.А.э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ;