Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың оқу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (оқу немесе өндірістік тәжірибеден өтуді қоса), семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы, мұндай жағдайда меңгерілген білім беру бағдарламасы кредиттер түрінде өз жоғары оқу орнында қайта есептеледі.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да академиялық ұтқырлық екі негізгі бағытта жүзеге асырылады студенттердің қазақстандық серіктес-жоғары оқу орындарында және шетелдерде білім алуы. Ұтқырлық бағдарламасы серіктес-жоғары оқу орындарының келісім-шарттары аясында жүзеге асырылады.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да білім алушылар академиялық ұтқырлықтың келесі түрлерін қолдана алады:

1) білім алушылардық ішкі академиялық ұтқырлығы;

2) шетелдің ЖОО-да бір семестр білім алуы;

3) біріккен қосдипломды бағдарламалар;

4) академиялық ұтқырлықтың халықаралық ұйымдар мен қорлардың есебінен төленетін стипендия бағдарламасы.