Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Білім алушыларды қайта қабылдау
қағидаларынан үзінділер

    1. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың КМТИУ-ға қайта қабылдау туралы өтініштерін КМТИУ ректоры жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

    2. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың КМТИУ-ға қайта қабылдау туралы өтініштерін КМТИУ ректоры кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

    3. Білім алушыларды қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.

    4. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі – анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады.

    5. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан қайта қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.

    6. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
    Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.

    7. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.

    8. Ауысу, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса, сол курсқа жүзеге асырылады.

    9. Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін қайта қабылдана алады.

    Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына және кез келген мамандыққа қайта қабылдана алады.

    10. Білім алушыны қайта қабылдау кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі.

    11. Пәндердегі айырмашылықтарды анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

    Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.

    12. Шетелдік ЖОО-дан қайта қабылданған кезде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтаманы, транскриптті), балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты болмаған жағдайда, студент қайта қабылдау туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады.

    13. Оқудың құнын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта ішінде оның өтініші бойынша қайта қабылдана алады. Қайта қабылдану туралы өтінішке төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.

    14. Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оку жоспарларындағы пәндердің айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

    15. Оқуға қайта қабылдау рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) білім алушы КМТИУ ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта қабылдану туралы өтінішке анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі;
2) факультет деканы ұсынылған анықтаманың негізінде оқу жоспарларының пәндеріндегі айырмашылықтарды айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
3) факультет деканы, оқу басқарма бастығы және оқу ісі жөніндегі проректор қойған бұрыштамаға сәйкес КМТИУ ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.