1. Біздің артықшылықтарымыз

 

          1. Сапалы білім беру және жұмыспен қамтамасыз ету.
          2. Түсу емтихандарысыз оқуға қабылдау.
          3. Халықаралық аккредиттеу (ASIIN, Германия), институционалдық аккредиттеу (НААР, Қазақстан Республикасы).
          4. Оқытудың озық әдістері.
          5. Оқу төлемақысын икемді төлеу жүйесі.
          6. Академиялық ұтқырлық.
          7. Қосдипломды білім беру.
          8. Жоғары технологиялық ресурстар, университет аумағында тегін Wi-Fi.
          9. Қашықтықтан оқыту.
         10. Шетелдік және Қазақстанның жетекші компанияларында кәсіби тәжірибеден өту.
         11. Жайлы студенттік жатақханалар.
         12. Білім алушының ғылыми және шығармашылық әлеуетін іске асыру мүмкіндігі.
         13. Бассейні бар спорт кешені.
         14. Шетелдік білім алушыларды визалық қолдау.
         15. Қала орталығында ыңғайлы орналасуы.
         16. Кампус жүйесі.    

 

2. Оқу барысында қажет құжаттар мен визалық қолдау туралы ақпарат

 

          Шетелдік білім алушы білім алғаны туралы құжаттарын нострификация рәсімінен өткізуі қажет. ЖСН Мемлекеттік кірістер басқармасында рәсімделеді. ЖСН рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:
          1)    білім алғаны туралы құжаттың нотариалды куәландірілген көшірмесі және түпнұсқасы;
          2)    білім алғаны туралы құжаттың нотариалды куәландірілген аудармасы;
          3)    оқу орнынан алынған мұрағаттық анықтама;
          4)    құжатты нострификациялау туралы өтініш;
          5)    шетелдік азаматтың төлқұжаттың нотариалды куәландірілген көшірмесі;
          6)    шетелдік азаматтың төлқұжаттың нотариалды куәландірілген аудармасы;
          7)    білім туралы құжаттың қосымшасының көшірмесі;
          8)    білім туралы құжатты берген оқу орнының аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі.
         Ақтау қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы:
         Ақтау қаласы, 15 ш/а, 67Б ғимарат. тел: 42-23-17, 42-23-19.
         Келесі төлем және банк операцияларын өткізу үшін білім алушы ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі) алуы қажет. Ол үшін білім алушы Мемлекеттік кірістер басқармасына келесі құжаттармен баруы жөн:
         1)    шетелдік азаматтың төлқұжаттың нотариалды куәландірілген көшірмесі және түпнұсқасы;
         2)    көші-қон карточкасының нотариалды куәландірілген көшірмесі және түпнұсқасы.
         Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы:
         Ақтау қаласы, 31Б ш/а. тел: 301843, 301235.

 

         Оқу визасын рәсімдеу үшін шетелдік білім алушы тіркеу бөліміне келесі құжаттар тапсыруы керек:
         1)    факультет деканының келісімі бар КМТИУ ректорының атына жазылған өтініш;
         2)    оқу визасын ашу үшін төленетін төлемақыны төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
         3)     шетелдік азаматтың төлқұжатының көшірмесі;
         4)     білім беру қызметін көрсету келісім-шартының нотариалды куәландірілген көшірмесі.
         Ақтау қаласындағы тіркеуді рәсімдеу үшін, шетелдік білім алушы тіркеу бөліміне келесі құжаттармен келуі қажет:
         1)    факультет деканының келісімі бар КМТИУ ректорының атына жазылған өтініш;
         2)     шетелдік азаматтың төлқұжатының түпнұсқасы және көшірмесі;
         3)     көші-қон карточкасының нотариалды куәландірілген көшірмесі және түпнұсқасы;
         4)     мекен-жай анықтамасы (жатақханада тұратын жағдайда өту карточкасының көшірмесі).
         Қазақстан Республикасында визасыз өтуге рұқсат етілген мемлекеттер: Азербайджан, Армения, Беларусь, Грузия, Кыргызстан, Молдова, Таджикистан, Россия, Узбекистан және тағы басқалары. Қазақстан Республикасымен визасыз өту туралы келісімі бар мемлекеттердің тізімі.
         Ішкі істер департаментінің Маңғыстау облысы бойынша көші-қон қызметі:
         Ақтау қаласы, 3 ш/а, 123 ғимарат. тел: 47-45-10, 47-45-36, 47-45-35.

 

3. Шетелдік білім алушыларды қолдау

 

           КМТИУ-де шетелдік білім алушыларға арналған бейімдеу бағдарламасы бар. Оның мақсаттары:
           1)    шетелдік білім алушыларға қазақ халқының дәстүрі, мәдениеті, қарым-қатынасының ерекшеліктері туралы алғашқы білім беру;
           2)    шетелдік білім алушылар қазақстандық студенттермен толық қарым-қатынас жасау үшін Қазақстанның әр түкпірінен келген студенттерімен бірге оқу топтарында оқуға, жатақханаларда бірге тұруға жағдай жасау.
           3)    шетелдік студенттерге тұрғылықты аймақтың оң имиджін қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысымен және Ақтау қаласының демалыс нысандарымен  жақын танысуды ұсыну;
           4)    шетелдік білім алушыларды Қазақстанның мемлекеттік органдарының жұмысымен, олардың орналасқан жерімен, жұмыс кестесімен таныстыру.
          Шетелдік білім алушылар бейімдеу бағдарламасымен оқитын факультетінің деканатында танысады.
          Шетелдік білім алушыларды бейімдеуге арналған қолдау инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзінде КМТИУ-дің барлық бөлімшелері қолдау көрсетеді:
           1.    Тіркеу бөлімі – визалық қолдауды рәсімдеудің тәртібін қамтамасыз етеді, шетелдік білім алушыларды тіркейді және толық есебін қадағалайды.
           2.    Қабылдауды ұйымдастыру және электрондық сүйемелдеу бөлімі автоматтандырылған ақпараттық жүйеге кіруге қажет логин және құпия сөз беруді, қашықтан оқыту технологиясын пайдалананумен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
           3.    Факультет деканаттары кредиттік технология, білім бағалау жүйесі, ауысу мен қайтадан оқуға қабылдау, студенттердің өмірі, кафедралармен таныстырады.
           4.    Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар шығармашылығы бөлімі жатақханада тұру ережелерімен, шығармашылық үйірмелермен таныстырады. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау мәселелері және денсаулық сақтау сұрақтары бойынша кеңес алуға болады.
           5.    Кітапхана кітапханамен пайдалану ережелерімен таныстырады және оқу үдерісіне қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.
           6.    Бухгалтерия студенттік жатақханаларда оқыту және тұру төлемақысын бақылайды, шетелдік білім алушылардан оқу визасын ашуға төлемақы қабылдайды.
           7.    Оқу бөліміне оқу сабақтарының кестесінің сұрақтарымен, емтихандар және жазғы семестрге қатысты сұрақтарды нақтылау үшін баруға болады.

 

            НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
            Шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істеуге тыйым салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес, шетел азаматының негізсіз көші-қон тіркеуі әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылады және айыппұл төленеді.
            Құжаттарды жоғалтқан жағдайда шұғыл түрде университеттің тіркеу бөліміне келуіңізді сұраймыз.
            Мүлдем қажет жағдайлардан тыс, оқу жылында шетелдік студенттерді Қазақстаннан кетпеуін сұраймыз. Шетелдік білім алушы Қазақстан аумағынан келесі кезде шығуға болады:
            1) өз қалауы бойынша - қысқы және жазғы демалыс кезінде;
            2) басқа уақытта - университет ректорының рұқсатымен, қайтару мерзімдері міндетті түрде көрсетілген шұғыл кету қажеттігін растайтын құжаттардың негізінде қарастырылады