Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Білім алушыларды Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың магистратурасына

(жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы)

ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫНАН ҮЗІНДІ

 

1. Жалпы ережелер

1. КМТИУ-да магистранттардың контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаттары және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

1) 6М010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

2) 6М010300-Педагогика және психология;

3) 6М011000-Физика;

4) 6М011700-Қазақ тілі және әдебиеті;

5) 6М050600-Экономика;

6) 6М050700-Менеджмент;

7) 6М060800-Экология;

8) 6М070300-Ақпараттық жүйелер;

9) 6М070600-Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау;

10) 6М070800-Мұнай-газ ісі;

11) 6М 071200-Машина жасау;

12) 6М071500-Теңіз техникасы және технологиялар;

13) 6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

14) 6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар;

15) 6М074200-Кеме жүргізу.

2. Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

3. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сай конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

4. Азаматтарды магистратураға қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

5. Мынадайемтихандарбойынша:

5.1. ағылшынтілі:

1) Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл);

2) Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті баллкемінде 87);

3) (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл);

4) International English Language Tests System (IELTS, шекті баллкемінде 6.0);

5.2. неміс тілі:

1) Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі);

2) TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

5.3. француз тілі:

1) Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес);

2) Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі);

3) Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі);

4) Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

6. Магистратураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жарияланады.

7.КМТИУ-дың магистратурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі.

8. Магистратураға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

2. Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

1. Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

2. КМТИУ-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады.

Қабылдау комиссиясының төрағасы КМТИУ-дың ректоры болып табылады. Қабылдау комиссиясының құрамы КМТИУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

3. Магистратураға түсуші тұлғалар КМТИУ-ға келесі құжаттарды тапсырады:

1) КМТИУ ректорының атына өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

7) жеке куәлігінің көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

3. Магистратураға түсу емтихандарын өткізу тәртібі

1. Шетелдіктерді қоспағанда, КМТИУ магистратурасына түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар келесі түсу емтихандарын тапсырады:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілі бойынша);

2) 1 кестеге сәйкес мамандықтар бойынша.

2. Магистратураға түсуші шетел азаматтары келесі түсу емтихандарын тапсырады:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

2) 1 кестеге сәйкес мамандық бойынша.

1 кесте

Магистратура мамандықтары бойынша түсу емтихандарының пәндері

 

Мамандық атаулары

Пән атаулары

1.

6М010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

1. Педагогика

2. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

3. Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі

2.

6М010300-Педагогика және психология

1. Педагогика тарихы

2. Әлеуметтік педагогика

3. Әлеуметтік психология

3.

6М011000-Физика

1. Механика

2. Молекулярлық физика және термодинамика негіздері

3. Электр және магнетизм

4.

6М011700-Қазақ тілі және әдебиеті

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

3. Әдебиет теориясы

5.

6М050600–Экономика

1. Кәсіпорын экономикасы

2. Кәсіпкерлік

3. Өндірісті ұйымдастыру

6.

6М050700–Менеджмент

1. Менеджмент

2. Персоналды басқару

3. Стратегиялық менеджмент

7.

6М060800–Экология

1. Экология және тұрақты даму

2. Биогеохимия және экотоксикология

3. Геоэкология

8.

6М070300-Ақпараттық жүйелер

1. Деректер базасының жүйесі

2. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

3. Компьютерлік тораптар

9.

6М070600-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

1. Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы

2. Ұңғымаларды бұрғылау

3. Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау

10.

6М070800-Мұнай-газ ісі

1. Шельфте кенорындарын меңгеру

2. Мұнай-газ жабдықтарын коррозияға қарсы қорғау

3. Мұнай газ саласында қоршаған ортаны қорғау

11.

6М 071200-Машина жасау

1. Машина жасау технологиясы

2. Металл жонғыш станоктар

3. Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері

12.

6М071500-Теңіз техникасы және технологиясы

1. Кеме құрылымы мен теориясы

2. Кеменің энергетикалық қондырғылары

3. Кемедегі іс жүргізді ұйымдастыру

13.

6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы

1. Органикалық заттардың химиясы және физикасы

2. Органикалық заттардың химиялық технологиясы

3. Органикалық заттар технологиясының теориялық негізі

14.

6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар

1. Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары

2. Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану

3. Технологиялық машиналарды жөндеу

15.

6М074200-Кеме жүргізу

1. Кеме құрылымы мен теориясы

2. Кеменің энергетикалық қондырғылары

3. Кемедегі іс жүргізді ұйымдастыру

 

3. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары (әрі қарай – тілдер бойынша түсу емтихандары) ҚР БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы (әрі қарай – ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

4. Тілдер бойынша түсу емтихандары КМТИУ-де өткізіледі.

5. Түсу емтихандарын қайтадан тапсыруға рұқсат етілмейді.

6. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және КМТИУ-дың апелляциялық комиссиясы құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы ҚР БҒМ-ның бұйрығымен бекітіледі.

КМТИУ апелляциялық комиссиясының құрамы КМТИУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

7. Апелляциялық комиссия магистратураға және докоторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

КМТИУ-дың апелляциялық комиссиясы мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

КМТИУ-дың апелляциялық комиссиясы тілдер бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия КМТИУ-дың апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

8. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға түсуші тұлға КМТИУ-дың апелляциялық комиссия төрағасының атына береді.

Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның аппеляцияға берген өтініші қаралмайды.

9. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

10. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

4. Магистратураға қабылдау

1. Магистранттар қатарына қабылдауды КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

3. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

4. Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша бағаларға ауыстыру жүйесі:

1) 90 мен 100 аралығындағы балдарға 5 (өте жақсы) бағасы сәйкес келеді;

2) 75 пен 89 аралығындағы балдарға 4 (жақсы) бағасы сәйкес келеді;

3) 50 мен 74 аралығындағы балдарға 3 (қанағаттанарлық) бағасы сәйкес келеді;

4) 0 мен 49 аралығындағы балдарға 2 (қанағаттанарлықсыз) бағасы сәйкес келеді.

5. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық тіл бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі.

Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар (дипломдар) ескеріледі.

6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.