Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Білім алушыларды Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың докторантурасына

(жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы)

ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫНАН ҮЗІНДІ

 

1. Жалпы ережелер

1. КМТИУ-да докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

1) 6D010300-Педагогика және психология;

2) 6D020500-Филология;

3) 6D060800-Экология;

4) 6D070600-Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау;

5) 6D070800-Мұнай-газ ісі.

2. Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

3. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сай конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

4. Азаматтарды докторантураға қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

5. Мынадай емтихандар бойынша:

5.1. ағылшынтілі:

1) Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл);

2) Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті баллкемінде 87);

3) (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл);

4) International English Language Tests System (IELTS, шекті баллкемінде 6.0);

5.2. неміс тілі:

1) Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі);

2) TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

5.3. француз тілі:

1) Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес);

2) Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі);

3) Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі);

4) Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

6. Докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жарияланады.

7. КМТИУ-дың докторантурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі.

8. Докторантураға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

2. Докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

1. Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

2. Докторантураға түсуші тұлғалар КМТИУ-ға мынадай құжаттарды тапсырады:

1) КМТИУ ректорының атына өтініш;

2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;

3) жеке куәлігінің көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;

8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

3. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу тәртібі

1. Шетелдіктерді қоспағанда, КМТИУ докторантурасына түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар келесі түсу емтихандарын тапсырады:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілі бойынша);

2) 1 кестеге сәйкес мамандықтар бойынша.

2. Докторантураға түсуші шетел азаматтары келесі түсу емтихандарын тапсырады:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

2) 1 кестеге сәйкес мамандықтар бойынша.

 

1 кесте

Докторантура мамандықтары бойынша түсу емтихандарының пәндері

 

Мамандық атаулары

Пән атаулары

1.

6D010300-Педагогика және психология

1. Педагогика

2. Психология

3. Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи іс-әрекеттік жолы

2.

6D020500-Филология

1. ТТілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

2. Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі

3. Қазақ фольклорының көркемдік жүйесі

3.

6D060800-Экология

1. Биологиялық және шикізат қорларын тиімді пайдаланудың жаңа технологиялары

2. Қоршаған орта және биологиялық алуантүрлілікті қорғау

3. Табиғи су сапасын жақсарту

4.

6D070600-Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау

1. Геологияның қазіргі заман мәселелері

2. Ғылыми зерттеудің әдістері мен тәсілдері

3. Қазақстанның пайдалы қазбалар кен орындары

5.

6D070800-Мұнай-газ ісі

1. Мұнай бергіштігін арттыру әдістері

2. Ғылыми зерттеудің әдістері мен тәсілдері

3. Теңіз кенорындарын игеру

 

3. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары (әрі қарай – тілдер бойынша түсу емтихандары) ҚР БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы (әрі қарай – ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

4. Тілдер бойынша түсу емтихандары КМТИУ-де өткізіледі.

5. Түсу емтихандарын қайтадан тапсыруға рұқсат етілмейді.

6. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және КМТИУ-дың апелляциялық комиссиясы құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы ҚР БҒМ-ның бұйрығымен бекітіледі.

КМТИУ апелляциялық комиссиясының құрамы КМТИУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

7. Апелляциялық комиссия докоторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

КМТИУ-дың апелляциялық комиссиясы мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

КМТИУ-дың апелляциялық комиссиясы тілдер бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия КМТИУ-дың апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

8. Апелляцияға берілетін өтінішті докторантураға түсуші тұлға КМТИУ-дың апелляциялық комиссия төрағасының атына береді.

Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның аппеляцияға берген өтініші қаралмайды.

9. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

10. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

4. Докторантураға қабылдау

1. Докторанттар қатарына қабылдауды КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

3. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

4. Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша бағаларға ауыстыру жүйесі:

1) 90 мен 100 аралығындағы балдарға 5 (өте жақсы) бағасы сәйкес келеді;

2) 75 пен 89 аралығындағы балдарға 4 (жақсы) бағасы сәйкес келеді;

3) 50 мен 74 аралығындағы балдарға 3 (қанағаттанарлық) бағасы сәйкес келеді;

4) 0 мен 49 аралығындағы балдарға 2 (қанағаттанарлықсыз) бағасы сәйкес келеді.

5. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық тіл бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі.

Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар (дипломдар) ескеріледі.

6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша философия докторларын (PhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.