Оқуға қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі

нұсқаулықтан үзінді

1. Жалпы ережелер

1. КМТИУ-ға оқуға жоғары білім беру бағдарламасы бойынша жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

2. КМТИУ-ға түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

1 кесте

Шифр

Мамандық атауы

Бейінді пәндер комбинациясы

Толық оқыту бағдарламасы

(4-5 жыл)

Қысқартылған бағдарлама - ТжКБ базасында ұқсас мамандығы бойынша (3 жыл)

1 .Білім беру

1

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

биология

география

педагогика  және психология  негіздері

тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы

2

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

биология

география

педагогика  және психология  негіздері

тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы

3

5В010300

Педагогика және психология

биология

география

педагогика  және психология  негіздері

тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы

4

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан

педагогика  және психология  негіздері

шығармашылық емтихан

5

5В010900

Математика

математика

физика

педагогика  және психология  негіздері

математика

6

5В011000

Физика

математика

физика

педагогика  және психология  негіздері

физика

7

5В011100

Информатика

математика

физика

педагогика  және психология  негіздері

информатика

8

5В011300

Биология

биология

химия

педагогика  және психология  негіздері

биология

9

5В011400

Тарих

история

география

педагогика  және психология  негіздері

Қазақстан тарихы

10

5В011600

География

биология

география

педагогика  және психология  негіздері

география

11

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

оқыту тілі және әдебиеті

тарих

педагогика  және психология  негіздері

қазақ тілі

12

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

оқыту тілі және әдебиеті

тарих

педагогика  және психология  негіздері

орыс тілі

13

5В011900

Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын)

шет тілі

тарих

педагогика  және психология  негіздері

ағылшын тілі

2. Гуманитарлық ғылымдар

14

5В020200

Халықаралық қатынастар

шет тілі

тарих

география

дүниежүзі тарихы

15

5В020700

Аударма ісі

шет тілі

тарих

қазақ тілі/Орыс тілі

шетел тілі (ағылшын, неміс, француз)

3. Құқық

16

5В030100

Құқықтану

тарих

Адам. Қоғам. Құқық

мемлекет және құқық теориясы негіздері

ҚР азаматтық құқығы

4. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

17

5В050600

Экономика

математика

география

қаржы және несие

ұйым экономикасы

18

5В050700

Менеджмент

математика

география

экономика негіздері

менеджмент

19

5В050800

Есеп және аудит

математика

география

қаржы және несие

ұйым экономикасы

20

5В050900

Қаржы

математика

география

қаржы және несие

ұйым қаржысы

21

5В051000

Мемлекеттік жəне жергілікті басқару

математика

география

экономикалық теория негіздері

маркетинг

5. Жаратылыстану ғылымдары

22

5В060800

Экология  

биология

география

химия

биология

6. Техникалық ғылымдар және технологиялар

23

5В070300

Ақпараттық жүйелер

математика

физика

математика

алгоритмдеу негіздері және бағдарламалау

24

5В070600

Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

математика

физика

физика

жалпы геология

25

5В070800

Мұнай-газ ісі

математика

физика

физика

химия

26

5В071200

Машина жасау

математика

физика

физика

машина жасау технологиясы негіздері

27

5В071300

Көлік, көліктік техника және технологиялар

математика

физика

физика

еңбекті қорғау

28

5B071500

Теңіз техникасы және технологиялар

математика

физика

кемелердің құрылысы және кеменің өміршеңдігі үшін күрес теориясы

кеменің энергетикалық қондырғылары

29

5В071800

Электр энергетикасы

математика

физика

физика

электротехника және электрмен қамтамасыз ету

30

5В072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

химия

физика

химия

жалпы химиялық технология

31

5В072400

Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)

математика

физика

физика

конструкциялық материалдар және машина бөлшектері

32

5В072900

Құрылыс

математика

физика

ғимараттар мен үймереттердің құрастырылымдары

құрылыс материалдары

33

5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

математика

физика

электротехника

материалтану негіздері

34

5В073200

Стандарттау және сертификаттау

математика

физика

физика

стандартизация

7. Қызмет көрсету

35

5В090100

Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

математика

география

физика

еңбекті қорғау

36

5В090200

Туризм

география

шет тілі

география

туристтік қызметті ұйымдастыру

37

5В090300

Жерге орналастыру

биология

география

география

геодезия

38

5В090700

Кадастр

биология

география

география

геодезия

                 

3. Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының азаматы оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

4. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

5. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

6. КМТИУ-ге түсуші адамдарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

7. ҰБТ:

1) ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері;

2) қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

КТ:

1) өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері;

2) техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

3) халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;

4) оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.

8. Осы Нұсқаулықтың 4.6 немесе 4.7-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

9. Осы Нұсқаулықтың 4.6 немесе 4.7-тармағында белгіленген шекті балды алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және КТ-ге қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін КТ қайта өткізіледі.

10. Осы Нұсқаулықтың 1.8 және 1.9-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша Нұсқаулықтың 4.6 немесе 4.7-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар КМТИУ-ге күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

Бұл адамдар үшін КМТИУ-де білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-дің қорытындылары бойынша Нұсқаулықтың 4.6 немесе 4.7-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.

11. Азаматтарды техникалық және кәсіптік білім беру негізінде күндізгі және сырттай оқу нысанына қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша барлық мамандықтарға 3 жыл оқу мерзімімен қабылдауға рұқсат етіледі.

12. Азаматтарды жоғары білім негізінде күндізгі және кешкі оқу нысанына қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша университетің барлық мамандықтарына 2 жылдан кем емес оқу мерзімімен қабылдауға рұқсат етіледі.

13. Азаматтарды орта білім негізінде сырттай оқу нысанына қабылдауға тиым салынады.

14. Азаматтарды жоғары білім негізінде сырттай оқу нысанына қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша төменде көрсетілгендерден басқа барлық мамандықтарға 2 жылдан кем емес оқу мерзімімен қабылдауға рұқсат етіледі:

1) 5В071500-Теңіз техникасы және технологиялары;

2) 5В072900-Құрылыс.

15. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын КМТИУ мамандықтарының тізбесін ҚР БҒМ бекітеді.

2. Шығармашылық мамандықтарға қабылдау

1. КМТИУ-ға шығармашылық дайындықты талап ететін 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығына қабылдау КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандар тапсыру арқылы іске асырылады.

2. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.

3. 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына түсетін адамдар КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына:

1) жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.

4. Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін:

1) Қазақстан тарихы;

2) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

5. 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 7 шілде аралығында КМТИУ қабылдау комиссиясы жүргізеді.

Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

6. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

7. 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығы бойынша шығармашылық емтихандар мазмұны және өткізу тәртібі төмендегідей:

1) бірінші шығармашылық емтихан – «Мамандандыру бойынша көрсеткіштер»;

2) екінші шығармашылық емтихан – «Жалпы физикалық дайындық бойынша көрсеткіштер».

8. Шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы КМТИУ ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссия құрылады.

9. Шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

10. Оқуға түсуші шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

11. Шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

12. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

13. Шығармашылық емтихан бойынша:

1) 15-тен төмен балл алған (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар);

2) 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар);

3) емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.

14. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

15. Оқуға түсушілер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде келеді. Оқуға түсушілер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

16. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

17. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, оқуға түсушілерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады.

18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде оқуға түсушілерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

19. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде оқуға түсушілер мынадай талаптарды сақтайды:

1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа оқуға түсушілермен сөйлеспеу;

2) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;

3) шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

20. Осы Нұсқаулықты бұзғаны үшін оқуға түсушілер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. оқуға түсушілердің бұл жұмысы жойылады.

21. Оқуға түсушілер дәлелді себептермен емтиханға кешіккен немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде КМТИУ ректорының рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:

1) оқуға түсушілердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады);

3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып, балалары, асырап алушылар, асырап алғаны, толыққанды және толыққанды емес ағайындары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі) қайтыс болуы (анықтамамен расталады).

22. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жіберіледі.

23. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген оқуға түсушілерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.

24. Емтихан жұмыстарын тексеру тек КМТИУ ғимаратында жүргізіледі.

25. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.

26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

27. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

28. Емтихандарды өткізу кезеңіне шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында КМТИУ ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

29. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

30. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

31. КМТИУ күнтізбелік бес күн ішінде ҚР БҒМ-не:

1) еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті;

2) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

3. Педагогикалық мамандықтарға қабылдау

1. Педагогикалық мамандықтарға түсушілердің оқуға қабылдануы КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін арнаулы емтиханның нәтижесін ескере отырып жүзеге асырылады.

2. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.

3. Педагогикалық мамандықтарға түсетін адамдар КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына:

1) жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.

4. КМТИУ-дың қабылдау комиссиясыпедагогикалық мамандықтарға түсушілердің арнаулы емтихан тапсыру үшін өтініштерін 20 маусым мен 18 тамыз аралығында қабылдайды:

1) 20 маусым мен 30 шілде аралығындабілім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысатын оқуға түсушілер үшін;

2) 31 шілде мен 18 тамыз аралығында ақылы негізде оқуға қабылданатын оқуға түсушілер үшін.

5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін:

1) Қазақстан тарихы;

2) математикалық сауаттылық;

3) оқу сауаттылығы (оқу тілі);

4) екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін:

1) жалпы бейіндік пән;

2) бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

6. Арнаулы емтихан компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі.

Тестілік тапсырмалардың педагогикалық жағдаяттардан құралған.

7. Педагогикалық жағдаят – бұл, әдетте, мұғалім мен тәрбиешінің кәсіби қызметі барысында пайда болып, шешуді талап ететін әртүрлі мәселелер мен психологиялық-педагогикалық жағдайларды туындатқан өмірлік жағдайлар, фактілер мен оқиғалар.

Сұрақтардың жалпы саны – 20.

8. Арнаулы емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады. Арнаулы емтихан нәтижесі бойынша оны сәтті өтуін дәлелдейтін балл шамасы – 10.

9. Педагогикалық жағдаяттың жауап беру санаты – дұрыс жауап таңдау.

Әр дұрыс жауап бір баллмен бағаланады.

10. Арнаулы емтиханды тапсыру уақыты – 30 минут.

11. Арнаулы емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін КМТИУ ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

12. Арнаулы емтиханның кестесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оқуға түсушілердің назарына университеттің сайты мен ақпараттық тақтасына орналастыру арқылы жеткізіледі.

13. Арнаулы емтиханға жіберілуі үшін оқуға түсушілер университет сайтының «Арнаулы емтихан» бөлімінде алдын ала тіркелуі қажет.

14. Оқуға түсуші арнаулы емтихан өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

15. Арнаулы емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтиханды өткізу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

16. Арнаулы емтиханды өткізу кезінде оқуға түсушілер мынадай талаптарды сақтауы керек:

1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа оқуға түсушілермен сөйлеспеу;

2) емтихан материалдарымен алмаспау, көшірмеу, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізбеу және қолданбау;

3) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;

4) арнаулы емтихан аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

17. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.

18. Арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

19. Арнаулы емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

20. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.

21. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында КМТИУ ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

22. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

23. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

24. КМТИУ күнтізбелік бес күн ішінде ҚР БҒМ-не:

1) еркін нысанда арнаулы емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті;

2) арнаулы емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

4. Ақылы негізде оқуға қабылдау тәртібі

1. КМТИУ-ға түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Оқуға ақылы негізде қабылдау туралы өтініштер 20 маусым мен 28 тамыз кезеңінде жүргізіледі.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледж) білімі бар адамдарды КМТИУ-ға ақылы негізде жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Ұқсас мамандықтар тізімін ҚР БҒМ бекітеді.

Оқуға түсушілерді Жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандықтар сыныптамасы бойынша КМТИУ мамандықтарының Кәсіптер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім сыныптамасы бойынша мамандықтарымен сәйкестік кестесімен КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы таныстырады.

3. Жоғары білімі бар адамдарды КМТИУ-ға ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

4. Шетел азаматтарын ақылы негізде КМТИУ-ға қабылдау КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін қысқартылған бағдарлама бойынша күндіз оқу мерзімі 3 жылдан кем емес, ал жоғары білімі бар тұлғалар үшін 2 жылдан кем емес.

6. Ақылы негізде оқуға қабылдану үшін келесі пәндер бойынша ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелерінен 50-ден кем емес балл жинау қажет:

1) Қазақстан тарихы;

2) математикалық сауаттылық;

3) оқу сауаттылығы;

4) екі бейіндік пән.

Сонымен қатар, оқуға Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

7. КМТИУ-ге ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

8. Осы Нұсқаулықтың 1.10-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша 4.6 немесе 4.7-тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар КМТИУ ректорының атына ақылы негізде КМТИУ-ге қабылдау туралы өтініш береді.

Өтінішке:

1) ҰБТ немесе КТ сертификаты;

2) тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

9. Шетел азаматтарын ақылы негізде КМТИУ-ға оқуға қабылдау КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

10. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде КМТИУ-дың студенттері қатарына қабылданады.

Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап төрт аптадан асырылмай ұзартылады.

5. Студенттер қатарына қабылдау

1. Студенттер қатарына қабылдауды КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы 10-28 тамыз аралығында өткізеді.

2. Оқуға түсушілер КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге:

1) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін;

3) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

4) ҰБТ немесе КТ сертификатын;

5) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қосымша береді.

4. Осы Нұсқаулықтың 1.10-тармағына сәйкес КМТИУ-ге қабылдау үшін адамдар КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге:

1) жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін;

3) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

4) ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.

5. КМТИУ-да оқу үшін білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғалар, соның ішінде 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім беру гранты куәлігінің иегерлері, студенттер қатарына КМТИУ ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

6. КМТИУ-ге қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.

7. 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығына қабылдау шығармашылық емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

8. Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

9. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.