Құрметті талапкерлер!

2017 жылғы 1 маусымнан бастап Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан мекен-жайы бойынша Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің бас ғимаратында орналасқан қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

1. 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 7 шілде аралығында КМТИУ қабылдау комиссиясы жүргізеді.

2. Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

3. Жалпы орта (мектеп) немесе техникалық және кәсіптік (колледж – туыс емес мамандық) білімі туралы құжаттары бар 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

4. 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

5. Жалпы орта (мектеп) немесе техникалық және кәсіптік (колледж – ұқсас емес мамандық) білімі туралы құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

6. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

7. Шығармашылық емтихан бойынша:

1) 15-тен төмен балл алған орта (мектеп) немесе техникалық және кәсіптік (колледж – туыс емес мамандық) білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар;

2) 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар);

3) емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.

8. Жалпы орта (мектеп) немесе техникалық және кәсіптік (колледж – туыс емес мамандық) білімі бар бітірушілер үшін:

1) Қазақстан тарихы;

2) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

9. 5В010800-Дене шынықтыру және спортмамандығына жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

10. Шығармашылық емтихандар келесі кесте бойынша өткізіледі:

1) Бірінші шығармашылық емтихан – «Мамандандыру бойынша көрсеткіштер»:

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

32 ш/а орналасқан спорттық кешен

2017 жылғы

8-10 шілде күндері

09.00-13.00

2) Екінші шығармашылық емтихан – «Жалпы физикалық дайындық бойынша көрсеткіштер»:

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

32 ш/а орналасқан спорттық кешен

2017 жылғы

11-13 шілде күндері

09.00-13.00


АРНАУЛЫ ЕМТИХАН

Педагогикалық мамандықтарғақабылдау арнаулы емтихан нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

КМТИУ-дың қабылдау комиссиясыпедагогикалық мамандықтарға түсушілердің арнаулы емтихан тапсыру үшін өтініштерін 20 маусым мен 18 тамыз аралығында қабылдайды:

1) 20 маусым мен 30 шілде аралығындабілім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысатын оқуға түсушілер үшін;

2) 20 маусым мен 18 тамыз аралығында ақылы негізде оқуға қабылданатын оқуға түсушілер үшін.

Арнайы емтихан 11 шілдеден бастап бекітілген кесте бойынша компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.

Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.


КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды КМТИУ қабылдау комиссиясы 1-20 маусым аралығында жүргізеді.

Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығындаөткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші КМТИУ қабылдау комиссиясына мыналарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта  білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа);

3) колледждердің 2017 жылғы бітірушілері білім туралы құжаттың орнына нысан бойынша білім алған мамандығының коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама ұсынады;

4) 3х4 см көлеміндегі екі фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

7) келесі реквизиттер бойынша тестілеуді өткізу үшін 2242 теңге ақы төлегені туралы түбіртек:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011, Астана қ-сы, Жеңіс даңғылы, 60

БСН 000140001853

ЖСК KZ624500339860000388

БИК ASFBKZKA КБЕ 16

АО «Банк Астаны»


БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.

Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқасы);

3) ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;

4) 3х4 см көлеміндегі екі фотосурет;

5) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.


ҚАЙТА КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды КМТИУ қабылдау комиссиясы 1-8 тамыз аралығында жүргізеді.

Кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші КМТИУ қабылдау комиссиясына мыналарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта  білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа);

3) 3х4 см көлеміндегі екі фотосурет;

4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

7) келесі реквизиттер бойынша тестілеуді өткізу үшін 2242 теңге ақы төлегені туралы түбіртек:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011, Астана қ-сы, Жеңіс даңғылы, 60

БСН 000140001853

ЖСК KZ624500339860000388

БИК  ASFBKZKA КБЕ 16

АО «Банк Астаны»


СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

Студенттер қатарына қабылдауды КМТИУ-дың қабылдау комиссиясы 10-28 тамыз аралығында өткізеді.

Оқуға түсушілер КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге төмендегідей құжаттарды қоса береді:

1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

2) 3х4 см көлеміндегі 6 фотосурет;

3) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

4) ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;

5) білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса).


Қабылдау комиссиясының жұмыс істеу

КЕСТЕСІ

Жұмыс күндері:

дүйсенбі - сенбі

Жұмыс уақыты:

 

- дүйсенбі – жұма

09.00-18.00

- сенбі

09.00-14.00

- жексенбі

демалыс күні

Білім беру гранттарын тағайындайтын конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау

23.07.17 - 31.07.17

(демалыссыз)

Қабылдау комиссиясының телефоны: +7 (7292) 42-57-57