Бірінші академиялық кезеңнің соңына дейін қабылданған және

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-ға ауысатын шетелдік жоғары оқу орындары студенттерінің назарына

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес бірінші академиялық кезеңнің соңына дейін қабылданған (2016 жылғы тамыз айында кешенді тестілеу нәтижелері бойынша шекті балды алмаған) тұлғалар үшін қайта кешенді тестілеу өткізіледі.

Қазақстан Республикасының орта білім (жалпы орта), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алған азаматтар шетелдік жоғары оқу орнынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысу үшін ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын (бекітілген шектік деңгейден төмен емес) ұсынуы тиіс.

Аталған санаттағы азаматтар үшін 2017 жылғы 20-24 қаңтар кезеңінде КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ өткізіледі.

Тестілеу төрт пән бойынша өткізіледі:

1) Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі) – 25 тест тапсырма;

2) Математика – 25 тест тапсырма;

3) Қазақстан тарихы – 25 тест тапсырма;

4) Таңдау пәні таңдаған мамандығына байланысты – 25 тест тапсырма.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін 2017 жылғы 5-12 қаңтар күндері КМТИУ-дың қабылдау комиссиясына ӨТІНІШ ПЕН ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ:

1. бірінші академиялық кезеңнің соңына дейін қабылданған студенттер:

1) 3х4 см көлеміндегі екі фотосурет;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

2.шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері:

1) оқу бағдарламаларын игергендігі туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт);

2) жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа);

3) 3х4 см көлеміндегі екі фотосурет;

4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

 

Кешенді тестілеуге қатысу үшін 2 242 теңге төлемақы «Қазақстан халық банкі» немесе «Қазпошта» арқылы төмендегі реквизиттер бойынша жүргізіледі:

РГКП «Национальный центр тестирования» МОН РК. 010011, город Астана, проспект Победы,60. РНН 600300086081. БИН 000140001853. ИИК KZ536010111000001515. БИК HSBKKZKX. КБЕ 16. АО «Народный банк Казахстана».