Жатақханалардағы бос орындар туралы 08.11.2017 күнгі

АҚПАРАТ

 

 

№ 1 студенттік жатақхана

№ 2 студенттік жатақхана

№ 3 студенттік жатақхана

Бос орын саны

64

236

177

БАРЛЫҒЫ

477

  

Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да келесі мекен-жайларда орналасқан 3 студенттік жатақханалар бар: Ақтау қаласы,  32а шағынаудан, 1 үй, 27 шағынаудан, 7 үй, 3б  шағынаудан, 10 үй.

Студенттерді Ш. Есенов атындағы КМТИУ жатақханаларына орналастыру және шығару университет ректорының 28.08.2016 күнгі № 096-8/123 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың жатақханаларда тұру ережелеріне» сай жүргізіледі.

Жатақханадағы орындар арнайы комиссия арқылы байқау негізінде бөлінеді.Конкурстық комиссия құрамына тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, тиісті факультет  декандары, студенттік парламент өкілдері, тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар шығармашылығы бөлімінің басшысы кіреді.

Жатақханадағы орындар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Ақтау қаласында жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ анықтама ұсынған жағдайда жатақханалардағы орындар тұрғын жайға айрықша мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.

 Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай басымдылықпен жүзеге асырады:

1) мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар;

2) кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар;

3) ата-аналары жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілгендер;

4) ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар;

5)  Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

6) бірінші курсқа қабылданған «Алтын белгі» иегерелері болып табылатын білім алушылар;

7) Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар;

8) оқу орнын үздік бітіргенін растайтын білім туралы құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) білім алушылар;

9) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, университет өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылары.

Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, университет өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандары пәндер қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайын ескереді.

10) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

 Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:

1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (маусым);

2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз);

3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.

Студенттер 2 және 3 орындық бөлмелерде тұрады.

Жатақханаларда студенттердің оқып, тұрып, демалуына барлық жағдайлар жасалған.

Әрбір бөлмелерде санторап, жуынатын бөлме, электр пеші бар. Кір жуу және үтіктеу бөлмесі (4 автомат кір жуғыш машина орналастырылған), акт залы, буфет, оқу залы бар кітапхана, WIFI түрлеріндегі қызмет көрсету қарастырылған.

Жатақханаларда тұру ақысы студенттер үшін бір жылға 4200 теңге, магистранттар үшін 8400 теңге.

Университет жатақханасында жатақхананың студенттік кеңесі жұмыс жасайды. Тербие қызметін атқару және ұйымдастыру, мәдени бос уақыттты ұйымдастыру мақсатында  тұрғылықты түрде жұмыстар жүргізіліп отырады:

          1. жатақхананың студенттік кеңесі студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен, факультет деканаттарымен бірге тұрақты түрду студенттердің жатақханада тұруының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына мониторинг жүргізіліп отырады;

          2. ПОҚ-тың, кураторлардың, жатақханада тұратын студенттердің кезекшілігі ұйымдастырылған;

          3. әртүрлі сұрақтар бойынша медицина, полиция, психолог қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады;

          4. мерекелік және айтулы күндерде студенттік парламент, жатақхана студенттік кеңесі және шығармашылық үйірмелер қатысушыларымен бірге мәдени демалыс шаралары өткізіледі. Әртүрлі көпшілік спорттық жарыстар, шығармашылық кештер, поэзия кештері, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастырылып отырады.