2016 жылғы 8 қыркүйекте Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың оқытушылары мен білім алушылары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның  өкілі  Фариза Құрманғалиқызы Исатаймен кездесті.


 

2016 жылғы 1 қыркүйекте Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да Білім күніне арналған салтанатты шара өтті.

Бас ғимарат алдындағы алаңға студенттер, оқытушылар, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары жиналды.

Мерекелік іс-шараға жиналғандарды университет ректоры Әділбек Қожабекұлы  Ботабеков құттықтап, игі тілектер айтты.


 

2016 жылғы 9 тамызда Маңғыстау облысына ҚР үкіметтік делегациясының құрамында келген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғлиұлы Сағадиев Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да болды. Оны университет ректоры Ә.Қ. Ботабеков оқу орнының материалды-техникалық базасымен таныстырды және оның алдағы даму бағыттары жайлы айтып берді.


 

2016 жылғы 18 шілдеде Ш. Есенов атындағы КМИУ-да «Теңіз техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған түлектерге дипломдарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті.


 

2016 жылғы 1-2 шілдеде Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың конференц-залында университетті 2016 жылы бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.


 

 2016 жылғы 10 маусымда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың әскери кафедрасының курсанттары әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсім Ақтау қаласы № 29011 әскери бөлімінің оқу орталығында өтті.


 

2016 жылғы 9 маусымда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да «Нұр Отан» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің ұжымдарымен, зиялы қауыммен және жастар ұйымдарының белсенділерімен кездесті.


 

2016 жылғы 24 мамырда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да  университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесті.